Жалпақтұмсық үйрек () – қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын су құсы.

Қазақстанның далалы және орманды дала белдеміндегі су айдындарында кездеседі.

Дене тұрқы 28 – 30 см, қанатының ұзындығы 20 – 26 см, салмағы 0,5 – 0,8 кг. Кежегінің басы мен бауыры қара, бүйірі жолақты, қанаты көгілдір, кеудесі ақ. Ал мекиенінің түсі қоңырқай болады. Басқа үйректерден қасық тәрізді жалпақ тұмсығымен ерекшеленеді. Баяу, көбіне үнсіз ұшады. Жыл құсы. Сәуірдің аяғы - мамырдың басында ұшып келіп, қыркүйек – қазан айларында Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда қыстайды. Жерге не шөп, бұта арасына ұя салады. Салған 7 – 13 сұр жұмыртқаларын мекиені 22 – 23 күнде басып шығарады. Судағы жәндіктермен, өсімдіктермен қоректенеді. Жалпақтұмсық үйрек әуесқойлық мақсатта ауланады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Өзен үйректері Санат:Еуразия құстары Санат:Солтүстік Америка құстары Санат:Африка құстары Санат:Нағыз үйректер Санат:1758 жылы зерттелген жануарлар