«Том мен Джерри» () — мысық Томның және тышқан Джерридің таусылмайтын бақталастық туралы қысқа және толық метражды сериалдар, сонымен қатар, мультсериалдар топтамасы. Американдық мультипликатор Уильям Ханна және Джозеф Барберамен жасалынған ең алғаш шығарылымы «Puss Gets the Boot» Мысық тепкі алады деп аталынып, экрандарда 1940 жылдың 20 ақпанында көрсетілген.

Тарихы Мысық Том және тышқан Джерри — бүкіл әлемге танымал болған жұп. Джерридің артынан Томның күші әлсіремейтін құмарлықпен қуалап жатқанына бірнеше ондаған жылдар болды. Том Джерриді ұстау үшін әрдайым түрлі жаңа қулы айлалықтар ойлап табуға шаршамайды, бірақ Джерри ұсталмауға әрқашан да амалын табады. Мультфильмдер сериялары голливудтық MGM студиясымен, мультипликациялық студиясының 1958 жылы жабылуына дейін 1940 жылдан бастап жасалынған. 1961 жылы MGM мультфилм шағаруға өз құқықтарын, басшылығында Джин Дейч тұрған прагалық Рембрандт Филмс студиясына () сатып жіберді. Рембрандт Филмс 13 серияны шығарып, оны сыншылар мультфильм тарихында ең жаман деп атаған. Кейiпкерлердiң жоғары жылдамдықта істелінген жұлқынып сөйлеуi көрермендерге ауыр дақтар түрінде көрінген. Саундтректер ғарыштық эффекттерi бар, оғаш музыка ретінде елестеткен. Диалогтар мiңгiрлеп айтылған. 1963-шы жылы мультфильм шығарылуы Голливудтағы Чак Джонстың «Сиб-Тауэр 12 Продакшнс» () қайта оралды және сериалдар түсірілімі 1967 жылға дейін созылды. Кейінірек Ханна-Барберамен (1975—1977; 1990—1993) және Фильмэйшен Студиоспен () (1990—1992) жасалынған Том және Джерри тағы да мультфильмде көрсетілді. 2005 жылы Warner Bros. The KarateGuard аты жаңа серияны шағарды.

MGM-дың алғашқы мультфильмдері (1940—1958 жж.), ең көрнектілері болып саналады және Оскар киномарапатының жеті жүлдесін ұтып алған.

Кейіпкерлер Том (толық аты Мысық Том, ) — қара-көк түсті антропоморфты мысық. Мульсериалдың алғашқы серияларында «Джаспер» (1940 жылы) атымен аталған. «Джаспер» — бұл Томның тегі: «Томас Джаспер». Ол әрқашанда Джерри тышқанның артынан қуалап, оны ұстауға тырысады. Джерри (толық аты Джеральд Маус, ) — қоңыр түсті антропоморфты тышқан, алғашқы рет экрандарда 1940 жылы көрсетілген. Алғашқы кезде «Тышқан» немесе «Джинкс» (Jinx) деген аты болған. Мультфильмде Томның басты нысанасы болып табылады.

Басқа кейіпкерлер Спайк — күзетші бульдог Тайк — Спайктың баласы Бутч — Томның досы Маматай Екі Шәрке — Томның қожайыны Таффи Нибблс — жетім тышқан Голди — Том және Джерридің үйінде тұратын балық Крякер — Үйректін балапаны, Джерридің досы Пекос ағатай — Тышқан, Джерридің туысқаны Маскл — Джерридің немере інісі

Оскар сыйлығын жеңген сериялар 1943: The Yankee Doodle Mouse / Жауынгер тышқан 1944: Mouse Trouble / Тышқан жағымсыздығы 1945: Quiet Please! / Тыныштық! 1946: The Cat Concerto / Мысық концерті 1948: The Little Orphan / Кішкентай жетім 1951: The Two Mouseketeers / Екі ноян 1952: Johann Mouse / Иоганн тышқан

Мультипликациялық эпизодтар Негізгі сериал — 163 эпизод 1940—1958: Ханна-Барбера және MGM — 114 эпизод 1961—1962: Gene Deitch және Rembrandt Films — 13 эпизод 1963—1967: Chuck Jones және Sib Tower 12 — 34 эпизод 2005: Warner Bros., Joseph Barbera and Spike Brandt — 1 эпизод Телешоу (79 эпизод) 1975: The New Tom and Jerry Show for ABC, Ханна-Барбера — 48 эпизод (3 эпизодтан 16 шығарылым) 1990—1992: The Tom and Jerry Comedy Show on CBS for Saturday mornings, Filmation — 30 эпизод 2000: Cartoon Network special, Ханна-Барбера — 1 эпизод 2005: Warner Bros. Animation (Томе және Джерри туралы соңғы шығарылым, режиссері Джозеф Барбера және Спайк Брандт болған) — 1 эпизод

Сыртқы сілтемелер Мультсериалдың фан-сайты Мультсериалдың фан-сайты В Казахстане требуют запретить Спанч Боба

Санат:Том мен Джерри