Дәуқара — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Сырымбет ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Әкімшілік құрамы Аудан орталығы – Саумалкөл ауылынан солтүстікке қарай 40 км-дей жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 767 адам (390 ер адам және 377 әйел адам) болса, 2009 жылы 540 адамды (264 ер адам және 276 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы 1976-96 жылдары Көкшетау облысы Володар ауданындағы ет бағытындағы аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінің орталығы болды. Бірлестік негізінде Дәуқарада 2 ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы құрылған.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

Дереккөздер

Санат:Айыртау ауданы елді мекендері