Қазақ халқының өлім-жітім жөнелту салты

‹‹Бір тумақ, бір өлмек›› адам баласының барлығының басындағы шаруасы. «Өлім қайда барасың?»-сынға барамын дегендей, үлкендері жастарының құлағына «мен өлгенде күлкіге қалмаңдар» деп-‹‹өлімнен ұят күшті››, «бардың малын шашамын, жоқтың артын ашамын» демекші, қазақ халқы бар жоғына қарамай шама-шарқысынша, өлімді қастерлеп ұзатады. Өлім-жітім істері ислам дініне сай ‹‹құран кәрімнің›› тағылымдары бойынша жөнелтіледі.

Аттандыру

Аттандыру - жан үзу, дәрет суға алу, оңашалау, хабар айту, өлімге келу, мәйітті суға жуындыру, кебіндеу, садақа өткізу, намаз түсіру, мәйітпен қоштасу сынды жұмыстарды қамтиды.

1. Жан үзу

Хәл үстінде жатқан адам сөзге келетіндей хәлде жатса, әке шеше не бауыр – туғанға, бала шағасына насихатын айтып, о дүниелік болатындығын, артқы істерінің жақсы жүргізілуі жөніндегі көптеген жағдайды айтады. Бұл - “Бір ауыз сөз” - деп аталады. Егер тілден қалса, ымдап, ишарат арқылы білдіреді. Мұны бала-шаға, туыстары “бір ауыз сөз” айта алмай қиналып жатыр деп межелеп, молда немесе құран білетін адам бір кесе суға ‹‹Фатиха›› сүресін оқып, қасықтап ұрттатады. Су іше алатын күйі болса кеседегіні түгел ішіп қояды. Мұны “иман су” деп атайды. Хәл үстінде жатқан адам нашарлаған сайын үй ішіндегі адамдарды азайтады. Деседе, төсек тартып жатқан адам жас кісі болса жан-жағындағы үлкен кісілердің біреуі «Құдайдың құлымын, Мұхаметтің үмбетімін» «Алла» де, деп айтып тұрады. Сондай-ақ “Құдайдың ақ өліміне ризамыз”, “Қидық сізді” деп айтады. Хәл үстінде жатқан адам жан үзгенде көзін уқалап жауып, жағын таңып, қолын екі жамбасының қырына қырлап түзеп, екі аяғының басбармағын ақ шүберекпен шатып байлап мүрдені түзулейді. Егерде жан тапсыра алмай қиналса, басындағы жастықты алып, басын түсірсе болады.

2. Дәрет суға алу

Қаза болған кісіні ең алғаш көрші қолаңға, жақын дос-жаранға хабарлаған соң, қаза болған кісінің тең туыстары қаза болушының мүрдесінің дәретін алып, бетін жуып, қолын шайып, ең алғашқы суға алады. Мұны дәрет суға алу, яғни сербек суға алу деп атайды.

3. Оңашалау

Мүрдені Оңашалауда ауыз үйді немесе арнаулы үй тігіп, үйдің оң босағасына мәйіттің басын солтүстікке, аяғын оңтүстікке келтіріп, бетін құбылаға бұрыңқырап киімін түгел шешіндіріп, ұятты жерін жауып, үстін ақ шүберекпен бүркеп, сыртын шимен қоршап, өзі кезінде ұстаған шымылдықпен көлегейлеп мәйітті (мүрдені) тасалап, қалампыр иәки әтір шашып оңашалап қояды.

4. Хабар айту

Хабар айту қаралы хабар айту және естірту сынды екі мазмұнды қамтиды. Мәйітті ауашалап болған соң, қаза болушының жақын жамағаты хабар айтуды ұйымдастырады. Қаза болушының туыс-туғаны, құда-жекжаты, дос-жараны тағы басқа өлімге шақырылатындардың мекенжайына қарай хабаршы бекітеді. Сондай-ақ хабаршыға, марқұм қашан қаза болғанын, намазының қашан болатынын түсіндіреді. Қаралы хабар айтуды мойнына алған хабаршы, міндеті бойынша, өзіне тиісті мекенжайларға хабарды тез жеткізудің жөнін жобалайды. Міне бұл “қаралы хабар” деп аталады. Естірту - хабар айтушылар әр отбасыға хабар жеткізу барысында, қаза болушыға 3 ата аралық туысқандарға төте жеткізбей, сол ауылдың біліктілері мен қарияларының біреуіне марқұмның туысқанына естіртуді тапсырады. Сол білікті кариялар, бірнеше адам ұйымдасып, марқұмның жақын туысының үйіне барып қазаны естіртеді. Одан соң марқұмның туысын өлімге жалғыз жібермей ертіп барады. Мұны “естірту” дейді.

5. Өлімге келу

Өлімге келгенде өлім болған үйге дауыс шығарып келу, жоқтау, көңіл айту сынды жосын жүргізіледі. Дауыс шығарып келу - қаза болған кісі жасы келген кісі болса мекем, қормалым, бас ием, қорғаушым деп дауыс шығарып келеді. Тең-туысы болса замандасым, жолдасым деп; жақын туысы немесе жасы кіші болса бауырым деп; ал балиғатқа толған жас бала болса жасына қарай бауырым, балапаным, құлыным, жеткіншегім, ат байларым деп дауыс шығарып келеді. Бұлай болуы қазақ халқының бауырмалдығының айғағы.

6. Жоқтау

Үш буындық туысқан, қандастық қатынастағы ер әйел қаза болған кісіні жоқтап жылайды. Ерлер болса, сыртта таяқ таянып, әйелдер жағы болса, арнаулы бір үйде тізіліп отырып жоқтау айтады. Мұндағы жоқтау сөз түріндегі жоқтау болып, мекем, қормалым, қорғаушым, жел жағыма пана болған, күн жағыма сая болған қормалым; қаза болушы жас адам болса жеткіншегім, бауырым, жал құйрығым, арманда кеткен арысым, бір ауыз сөзге зар қып кеткен балапаным т.б. сөз түріндегі жоқтау айтылады. Көңіл айту - дауыс шығарып келушілер әредік дауыс тоқтаған аралықта, сырттағылар ерлермен қол берісіп, үйдегі әйелдер әйелдермен (туыс туғаны, құда жегжәт, дос жараны, әйелдермен де) қол берісіп сабырлық етіңіздер «қаза қайырлы болсын, өлмейтін адам жоқ, сынбайтын темір жоқ, иманы жолдас болсын, жаны жәннәтта болсын» - деп көңіл айтады.

6. Мәйітті жуындыру

Мәйітті жуындыруға көбінесе бес адам шығады. Әсіресе білікті кісілер ауыл ақсақалдары, жасы келген кісілердің мәйітін жуындыруға таласып қалатын жағдайлар да кездеседі. Өлім ісін басқарушы көпшілікке дауыстап, "мәйітті жуындыруға дайындалып жатырмыз. Үлкен рулардан жуындыруға шығамын деушілер барма?" деп жариялайды, Адам шықпаса өлімге келген жұрт ішіндегі әр рудан бірден, бес кісі дайындайды. Бұлар мына міндеттерді өтейді. Қаза болушының өз руынан шыққан адам басына түседі. Біреуі ортасына, және біреуі аяғына, су құятын бір адам, су тасып беретін бір адам орналастырылады. Қаза болушының тұстас адамдарынан шығарылады. Өйтпегенде тән ұялады деп қарайды. Мәйітті жуудың алдында молда жуудың әдісін түсіндіреді. Содан соң жуындырады. Молда босағада «Таха» сүресін оқып отырады.

7. Кебіндеу

Кебіндеу ер адамды 5 бөлік, әйел адамды 7 бөлік, балиғатқа толмаған балаларды 3 бөлік ақ кездемемен орайды. Ер болса сәлде, жейде (тізесіне дейін), тақым жапқыш, құрғақ тартқыш, көрпе жолын істейді. Әйел болса кимешек, салы, іш жейде (көйлек), омырау тартқыш, тақым тартқыш, шапан, көрпе жолын істейді. Балиғатқа толмаған балалар болса ұлдарға: бас шыт, жейде, көрпе. Қыздарға: жаулық, көйлек, көрпе жолын істейді. Кимешек, жейделер басқа, бетке, мойынға тура келетіндей етіп ойып пішіп жасалады. Тақым жапқыш ерлер жөнінде екі қабат болады. Бір қабаты жуындырғанда ұятты жерін көлегейлеу үшін алдының бірнеше жерін ойып су құю арқылы жанынан жандатып жуып-шаяды. Одан соң құрғақ тартқышпен орап тартып қояды. Әйелдер жөнінде ұятты жерін тақым тартқышпен жауып қояды. Жалпы жұмысты жүргізу барысында, ақырет киімдері іштен сыртқа қарай теріс бүктеліп, ең соңында басынан, белінен, аяғынан үш жерден буылады.

8. Садақа өткізу

Бір өлімге кемінде бірнеше молдаға хабар айтылады. Қаза болған адамның өсиеті бойынша, садақасы мен намазын өткізіп беруге молда бекітіледі өсиеті болмаса өлімге келген молдалардың ішінен, ақы иелерінің талабы бойынша екі молда орналастырылады. Біреуі садақасын, біреуі намазын өткізуге жауапты болады. Бұларды жұртқа жария етеді. Садақаға бір тұяқ ұсақ мал, сансыз дән (жарым қалта мөлшерінде жүгерінің дәні), тақ санды ақша даярланады. Есік алдына бір парша киіз жазып молдалар және қарт кісілер тізерлеп отырады. Жалпы қауымды садақа өткізуге шақырады. Сондай-ақ, садақаға байланған бір тұяқ жанды малды, садақа өткізуге жауапты болған молда, ‹‹сауапқа›› келетін кісілер бар ма? деп ұқтыру жасайды. ‹‹сауапқа›› келмесе мешіттің алқасынан біреуі келіп «сауапқа» отырады. Молда бір тұяқ малдың бұйдасын ұстап тұрып, қайтыс болған адамның жасы, балиғат жасын шығарғанда қалған жасы, әке-шешесінің атын айтады. Балиғат жасын шығарғанда пәленбәй жастың өтелмеген парызы, өткізген күнәләрі үшін жамағат алдында қабыл қылып алдыңыз ба? - деп үш қайтара ‹‹сауапқа» отырған кісінің қолын алып қолдасады. Егер жеті мүшелі аяқталған қарт адам болса 2 жас, 100 жасқа таяған немесе 100 жастан асқан адам болса, 3 жас қосып жасын шығарады.

9. Жаназа шығару немесе жаназа Намаз

Мәйітті жуындырып жатқанда, келгендер дәрет алып даярланады. Мәйіт кебінделіп болған соң үйден аяғымен шығарылады. Молда жамағатты ‹‹әссалату жаназа›› деп дауыстап намазға шақырады бұл үш рет қайталанады. Мәйітті көтеріп шығушылар мәйіттің аяқ жағын үш рет кідіре еңкейтеді. Барлық жамағат бас киім киіп сапқа тізіледі. Мәйіт жамағат алдында басы солтүстікке, аяғы оңтүстікке бағытталып, алып келінеді. Молда намаз өтеудің алдында жамағатқа тәлім айтады. Қаза болушының жақын-жұрағаты саптың ең артқы жағында сап түзеп тұрады. Алдынғы саптың ортасын мөлшерлеп молда намазын шығарады. Намазы өтеліп болған соң баласының біреуін шақырып ‹‹разылығын ал›› дейді. Баласы мәйіттің аяқ жағын үш рет тізеден асырмай көтере рұхсат деп үш қайтара айтады. Бұл ақы иесінің мәйітті көмуге рұхсат жасағаны болмақ. Осымен намаз толық орындалған есептелінеді.

10. Мәйітпен қоштасу

Мәйітті көмуге алып жүргенде үй ішіндегі әйелдер жағы есіктен басын шығарып, босағада тұрып жабыла дауыс айтады. Міне мұны сүйекпен қоштасу деп атаймыз.

Қабір дайындау

Адам жан үзгеннен кейін хабар айтуды орналастыру барысында, қабір қазу жұмысын бірлікте ұйымдастырады. Қабір қазуға сол ауылдың азаматтары шығарылады. Қабір қазуға шақырылған азамат сылтау айтпайды. Бұларға қабір қазуды білетін кісілерден 1-2 адам ілесе барады. Қабір қазуда қаза болушының өсиеті бойынша немесе туыс-туғандарының ақылдасуы негізінде, жақын маңдағы зираттан, бұрынғы өмірден өткен туыстарының қатарына немесе алыс болсада туыстарының қасына арпарып жерлейтінде де кездеседі. Қазақ халқында қабірдің қазылу формасы 5 түрлі болады. Олар шам ақым (шам көр), жан ақым, жарма ақым, тік ақым, бала көр (ошақ көр) қатарлылар.

1 . Шам ақым (шам көр)-бір кісіге емес көптеген адамдарға арнап жасаған, бірата әулеттеріне арнаған (тән) қабырыстан шам көрдеп аталады. Шам көр көбінесе жасы үлкен, ұлағатты кісілер қаза болудың алдында қазып, даярлап қоятын қабырыстанды көрсетеді. Жерасты кең көлемді қазылып, өлгендерді қаз қатар жатқызып, ішкі бетіне шымылдық ұсталатын арнаулы есік бекітлген, адам қаза болғанда, шам көтеріп кіріп мәйітті қатарға орналастыратын қабырыстан болмақ. Бұл ерте кезде қазақтарда пайдаланған қабырыстан. Мәселен шәлкөде жайлауында рәйімбек батырдың шөбересі жәтпейіс атамыз шәм көржәсәтіп соған қойылыпты, бұны қазірге дейін жәтпейістің шам көрі деп атайды. Халқара көтерілісінде семиәсімен қырғынға ұшыраған диқанбай батырдың семиәсінән 4 кісі әкесі жәтпейістің шам көріне қойылыпты.

2 . Жан ақым-жан ақымның құдығы әдетте өңтүстіктен сөлтүстікке қарай ұзын төрт бұрыш формасында болып ұзыны 2.5 метр, ені 1.8метр, тереңдігі 2 метр тік қазып түсіріледі. Батыс керегесінен адам сиятындай тесік қазып, ішкі жаққа төмендеп қазып ақымды қазуды бастайды. Ақымға бір кісі көсіліп жатса бас-аяғы тимейтін, малдас құрып отырса төбесі тимейтіндей етіп қазып бОлған соң төбесі бесік формасына келтіріледі. Ақыммен құдықтың арасындағы керегесі 0.5метр болуы керек. Кей жерлерде ақым мен құдық арасындағы кереге берік болуы үшін әрі мәйітті алып кіруге қолайлы болуды ойластырып, құдық шығыстан батысқа, ұзын төрт бұрыш формасында қазылып жатқан жәйттерде кездеседі.

3 . Жарма ақым-бұл түрдегі ақым топырағы жұқа, саздауыт өңірлерде қазылады. Қазу формасы жан ақым мен бірдей болып бірақ құдық тереңдігі 1.5 метр шамасында қазылып, батыс қапталынан 0.8 метр мәйіт жатқызуға келетіндей етіп үңгіп кіреді. Формасын бесік тектес жасап шығады. Осы бойынша мәйіт қойылып болған соң ауыз жағы шикі кесекпен немесе қалың тақтаймен бекітіледі.

4 . Тік ақым – таулы өңірлерде, құм және тастақты мекендерде тік ақым қазылады. Оны жер ошақ секілді қазады. Терең болғанда 1.5 метр бөліп мәйіт түсіруге қолайлы болатындай қазылады. Мәйітті ішіне түсірген соң жалпақ тастармен немесе жұмыр ағаштарды туралап кесіп бетін жапқан соң тас тізіп, бүркемелеп қалап шығады. Бұны жұрт тас бейіт немесе құм бейіт деп атайды. Құмды өңірлерде ошақ пішінде дөңгелектеу қазылып, бетіне ағаш белағаштарды келтіріп, қамыспен бекемдеп бекіткен.

5 . Ошақ көр-нәрестелерге, бес жастан төмен балаларға қазылатын ақым. Құдықтың ені – ұзыны бір метір, тереңдігі бір метр шамасында қазылып, ошақтың аузы тектес ақымы жармалап қазылады. Таулы өңірлер мен тастақты, құмды өңірлерде ошақ тектес қазып аузын бекітеді.

Жерлеу