Плутоногендік гидротермалық кенорындар қышқыл, біршама қышқыл және біршама сілтілі магмалық таужыныстармен кеңістіктік және генетикалық байланыста. Рудалану тік бағытта 1-2 км тереңдікке дамып, жақсы ұстамдылығымен ерекшеленеді. Руда денелері қуыстарды толтыру немесе метасоматоздық жолмен қалыптасады.Олардың пішіні сыйыстырушы таужыныстар мен тектоникалық құрылымдарға байланысты болып , әр түрлілігімен сипатталады. Изометрлі, жалпақ және құбыр пішінді үйлесімді және үйлесімсіз типті жатындар белгілі. Денелердің өлшемі кең ауқымда өзгереді- ұзындығы бірнеше метрден ондаған километрге дейін. Ең көп таралғаны-қалыңдығы аз, саны көп руда денелерінен тұратын кенорындар.
Руда жаралу сыйыстырушы таужынстардың қарқынды өзгеруімен ұштасады.
Оларды серициттену,серицитетну, хлортттену, кварцталу, доломиттену,листветтену, серпентиндену, флюоритетену,пириттену, гематиннену қен таралған. Рудалардың бітімі- секпілді, желішікті, шомбал, ал құрылымы- түйірлі, порфир тәрізді, эмульсиялық, пластиналық, торлы.
Плутонгендіктерге кенорындардың мынадай типтері жатады:
алтын-кварцты; вольфрамит-молибенит-кварцты; касситерит-кварцты; никель-кобальт-арсенитті; молиденит-халькопиритті (мысты порфирлік); галенит-сфалеритті; алтын-сульфидті; кассиерит-силикат-сульфидті; талькті; магнезитті; хризотил- асбестті; флюоритті және киноварь-антимонит-кварцты.
Осы типтердің негізгілерін қысқаша сипаттайык.