Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат Адамзат өзінің тарихи эволюциялық даму барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі — адам еркіне әкімшілік ықпал ету және екіншісі — өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретіп шектейді, және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік жүйені билігіне нұқсан келтіреді.
«Әскери коммунизм үшін» саясаты өзінің меншік қатынастары құрылымдарын мемлекет қарауына орталықтандыру және экономиканы іс жүзінде, тіпті, милитарланған директивалық басқару сияқты негізгі принииптері арқылы мәжбүрлеулін басты үлгісін ұстанғанын білдірді. Мұны мемлекеттің бүкіл саясатының арқауына айналдыру халық шаруашылығының босансуы мен тоқырауына әкеп соқтырды.
Дағдарысты жағдайда большевиктер революциялық рухтағы романтиканың утопиялық догмаларынан амалсыз бас тартты. Ленин, партия басшыларының едәуір бөлігінің қарсы тұруына қарамастан, тарихи келісімге барды. Оның астарында меншіктін әр түрлі нысандарына қатысты барынша шыдамды саясат және тауар-ақша, нарықтық қатынастар факторлары мен басқа да экономикалық стимулдарды одан әрі мойындамаудын мүмкін еместігін сезіну бар еді. Қазақстандағы орын алған жағдай бүкіл елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың сыңайын танытты. Барлық жердегі сияқты Қазақстанда да халық шаруашылығын жүргізу саясатының мүлдем жаңа принципіне көшу қажеттігі айқын байқалды. Оның негізгі арқауы — «тауарсыздық» утопиясынан — нарықтық-экономикалық, тауарлық-ақшалай қатынасқа көшу идеясы еді.
Сауда еркіндігіне жол беру Нарықтық қатынастарды босатудың аса маңызды тұсы сауда еркіндігіне жол беру болды. Алайда мемлекет алғашқыда идеологиялық сарынмен айырбас саласына өз бақылауын орнатуға тырысты. Ол бірнеше ай бойы қала мен ауыл арасында жергілікті тауар айырбасын ұйымдастыруға әрекет жасады. Сөйтіп айырбас операцияларының арасындағы делдалдық қызметті Кеңес өкіметінің басшылығы, бақылауымен және тікелей тапсырмасымен жұмыс істеген кооперация атқарды. Мемлекет арнаулы декретпен (1921 жылғы 7 сәуір) оған «азық-түлік органдарының фабрика-зауыт және қолөнер кәсіпшілігі бұйымдарын дайындау мен ауыл шаруашылық өнімдеріне айырбастау салаларындағы міндетті тапсырмаларын орындауды» жүктеді, «барлық азық-түлік өнімдерін (мәтінде осылай. — авт.), мемлекет дайындаған және национализацияланған фабрикалар мен зауыттардан алынған... сонымен қатар шет елден әкелінген көпшілік қолды тауарларды бөлу» тек солар арқылы жүзеге асырылды. Декретте «РКФСР-дің барлық азаматтары тұтыну қоғамына бірігеді», ал «әрбір азамат тұтыну қоғамы пункттерінің біріне жазылады» деп атап көрсетілді.Советская Киргизия. Оренбург, 1923, №1, 54-6..
Кооперация туралы айтқанда мемлекет айтарлықтай қулыққа барды, бұл шын мәнінде еркіндік принципі немесе кооперациялаудың кез келген нысанының императивті жағдайы толықтай ескерілмеген, қайсыбір мемлекет иелігіне алынған құрылымдар болды.
Жалған кооперация осылайша жеке меншік нарық айналымы стихиясын мемлекеттік реттеу мен тежеу құралына айналады деп есептелінді. Бұлай болуы әбден мүмкін еді, оған Ленин күдік келтірген жоқ. Партияның X съезінде ол былай деді: «Біз пролетариаттың саяси өкіметін әлсіретпей, қайта нығайта отырып, жергілікті еркін тауар айналымына едәуір дәрежеде жол бере аламыз. Мұны қалай істеу керек — бұл практикаға байланысты іс. Менің міндетім — теория жағынан мұның жүзеге асыруға болатын нәрсе екенін сіздерге дәлелдеп беру».Сонда..
Алайда бұл идеяның мүлдем жарамсыз екенін практиканың өзі көрсетті. Қазақстанда 15 млн сом алтын ақша және 1921 жылғы ақшаның 14 млрд сомасында тауар айналым қоры (мануфактура, бақалшық, металл бұйымдары, ауыл шаруашылық құрал-жабдықтары, тұрмыстық заттар, махорка, керосин, сіріңке және т.б.) құрылды.Сонда, 56-6.. Алайда белгіленген көлемдегі астық өнімдерінің тек 37%-ын және ет өнімдерінің 26%-ын ғана дайындауға қол жетті..
Сөз жоқ, бұған тауар айналым қорының жеткіліксіздігі және жұтандығы, бөлу желілерінің дамымағаны, ауыл шаруашылығында астықтың аз шығуы мен күйзеліс әсер етті. Дегенмен, ең басты себеп мемлекеттік тауар айналымының жекеше сауда-саттықпен қай жағынан болса да бәсекеге түсе алмауы еді. 1921 жылдың күзінде Ленин амалсыз: «Тауар айналымынан ештеңе шықпады, жекеше нарық бізден мықты болып шықты және тауар айналымының орнына біз қарапайым сатып алу-сату, сауда-саттыққа ғана қол жеткіздік» деп мойындады.
Кооперацияға сүйену де өзін-өзі ақтамады. Осы кезден бастап оның қызмет аясы тарыла түсті. Ал КСРО ОАК-і мен ХКК-нің желтоқсандағы (1923) азаматтардың бірыңғай тұтыну қоғамына міндетті жазылуының күшін жойған, оған кіру мен одан шығу тек халықтың өз еркінде екендігін жариялаған декретінен кейін, ол «халықты жаппай қамтыған» жүйе рөлін тоқтатты. 1925 жылдың соңында бөлу мен айырбас саласында кооперациялау «еуропалық» тұрғындардың 20%-ын (сол жылдардағы есептерде жазылғандай) және қазақ шаруашылықтарының 8,6%-ын ғана қамтыды.Собрание узаконений (СУ) РКФСР, 1921, №26. Ст. 150..
Осы кезге дейін-ақ кооперация, мемлекеттік сектор сияқты, жекеше сауда-саттықпен тең бәсекелік күреске түсуге қабілетсіздігін (әр түрлі мемлекеттік дотациялар, несие және тауармен қамтамасыз ету түріндегі жеңілдіктер, тауар босату бағасын төмендетуге мүмкіндігі бола тұра және түптеп келгенде идеологиялық қолдау да солардың жағында болғанмен) көрсетті. Қалалардың тауар өткізу желілері құрылымында оның үлес салмағы барлығы 3-ақ пайызды құрады, ал бұл кезде жеке секторда ол 95,3%-ға жетті (мемлекеттік саудада - 1,6%). Республиканың ауылдары мен қыстақтарында тиісінше 12,9 және 85,1%-ды (мемлекеттік саудада - 2,0%) құрады.Ленин В.И. Полн. собр. соч. Т. 43, 64-6.. Сауда айналымына келетін болсақ, ол қалалық жеке меншік иелері есебінен 84,7%-ды, кооператорлар есебінен — 14,0%-ды (мемлекеттік саудада - 1,3%) құрады. Ауылдар мен кыстақтарда (кооперациядағы бағаның төмендігі есебінен) екі сегменттіңде үлесі бірдей дерлік болды: жеке меншікте - 50,5%, ал кооперативтік саудада - 49,5%.Отчет СТО КирАССР на 1 сәуір 1922 г. Оренбург, 1922, 9, 10-6.. Демек, экономикалық логикадан тыс әрекет ету талпынысы, яғни тауар-ақша қатынастарына сүйенбей, оны айналып өту сәтсіз аяқталды.
Болшевиктердің Т — А — Т формуласымен өмір сүре бастауы Тап сол кезде, большевиктер мұны қалады ма, жоқ па, қоғам тауар-ақша қатынастарының ақиқаттығын сезіне келе, Т — А — Т формуласы бойынша кең ауқымда және сеніммен өмір сүре бастады. Оның қызметін жеке меншік-капиталистік (мемлекет меншігінде жоқ шағын және ұсақ кәсіпорындар, сауда-саттық, ірі шаруа қожалықтары және т.б.), мемлекеттік-капиталистік (жеке тұлғаларға жалға немесе концессияға берілген өнеркәсіп орындары) және ұсақ тауарлы (нарыққа жұмыс істейтін шаруашылықтар) құрылыстар (құрылымдар) табиғи түрде және бірден игеріп әкетті.
Таза социалистік қоғам құрылысын жақтаушылар жаңа ақиқатты жандары қинала және ауыра, «күңкілмен» (мыңдаған коммунистер партия қатарынан шықты, онысын «капитализмнің қалпына келтірілуін», «жарқын революциялық мұраттарға және Азамат соғысы құрбандарына сатқындықты» өзінің принципті түрде қолдамайтынымен түсіндірді), бұрынғы «капиталға ат қойып қарсы шабуылға шығуды» аңсаумен және әділдік қалпына келер-ау деген үмітпен қабылдады.
Экономикалық өмірде монополист ретіндегі жеңілдіктерін жоғалтқан социалистік, дәлірек айтқанда мемлекеттік сектор, мемлекеттік патернализмнің жайлы қолшатырының астына тығылып, қалыптаса бастаған нарықтық қатынастар ақиқатгарынан бас тарта алмады. Осыған байланысты оның аясында өндіру мен бөлу, айырбас пен тұтыну жүйелерін амалсыз қайта құру процесі жүре бастады.
Фабрикалар мен зауыттарға, басқа да кәсіпорындарға жалақы қайта оралды, олардың заттай құрылымдық бөлігі бірте-бірте азайып, ақша эквиваленті артты. 1923 жылы соңғысының үлес салмағы 80%-ды құрады..
Бұл ретте ХКК-нің 1921 жылғы 10 қыркүйектегі арнайы декретімен жаңа тарифтік саясат орнықты. Құжатта көрсетілгендей, «жалақының ұлғаюы еңбек өнімділігінің ұлғаюымен, жұмысшының еңбек өнімділігін арттыруға қатысу денгейімен тура және тікелей байланысты» болды. Нарық қаржы жүйесін сауықтыруды талап етті. Осы міндет аясында эмиссияларды шектеу жүргізілді. Егер «әскери коммунизм» жылдарында ақша белгілерін, дәлірек айтқанда олардың суррогаттарын кез келген мекеме немесе кәсіпорын шығара беретін, ал енді 1921 жылғы қарашада жаңадан ашылған Мемлекеттік банк ғана бірден бір эмитент ретінде әрекет ететін болды.
Коммуналдық қызмет пен көлікке төленетін ақы, өндіру мен айналымның барлық түрлерінен салық жиналымы қалпына келтірілді. Жалақы берілген 1923-1924 жылдары (жалақыдан алынатын салықты қоса есептегенде) бюджеттің кіріс бөлігінің 34%-ы фискальдық түсімдер есебінен қамтамасыз етілді.Социалистическое строительство в Казахстане в восстановительный период. (1921-1926 жж.) Сборник документов и материалов. А.-А., 1962, 407-6.. 1922—1924 жылдарда ақша реформасы ойдағыдай аяқталды: ел, ақыры, әлемдік ақша нарығында жоғары бағаланған «тұрақты» валюта алды.
Бүкіл өнеркәсіп инфрақұрылымдарын шексіз мемлекеттік бақылау мен басқаруға алып, барлық жерде оны көрмен (шикізатпен, отынмен, жабдықтармен, азық-түлікпен және т.б.) қамтамасыз ету тапшылығына душар еткен, сөйтіп банкротқа ұшыраған, мұндай жағдайда жоспарлы шаруашылық жүргізу және аз болсын, көп болсын ұтымды сала аралық өзара байланыс орнатудың мүмкін еместігін мойындаған мемлекет енді біртіндеп ескі өнеркәсіптік саясаттан бас тарта бастады. Ол өзінің басқаруына тек жекелеген салаларды және барынша ірі кәсіпорындарды ғана қалдырды. Олардың кейбіреуі жағдай жақсарғанға дейін қалдырылды, ал басқалары, халық шаруашылығы жоспарына сәйкес, жалпы мемлекеттік органдар арқылы материалдық, азық-түліктік және ақша ресурстарымен қамтамасыз етілгендері ғана өндіріске қосылды.Сонда, 406-6..
Мемлекеттік мүдде тұрғысынан басымдық берілмеген кәсіпорындар (негізінен олар орта және шағын, ұсақ майдагерлік кәсіп пен жергілікті өнеркәсіптер) кооперативтерге, серіктестіктерге немесе жеке тұлғаларға жалға берілді.
Бұл ретте мүмкіндігінше қолайлы жағдай (салықтық, несиелік, қормен жабдықтау және т.б. бойынша жеңілдіктер) алғашқы кезекте ірі өнеркәсіп мұқтаждарына қызмет еткендерге немесе мемлекеттің тапсырмасы бойынша және тұтыну кооперациясы үшін жұмыс істегендерге жасалды. Айрықша маңыздылар тізіміне енбеген барлық кәсіпорындар мен салалар мемлекеттің өнеркәсіп секторына қатысты «қосалқылар» ретінде қарастырылды. Өнеркәсіптің осы секторының қызметіне бақылау мемлекеттік кәсіподақтар (әкімшілік жұмыс істейтіндермен ұжымдық шартқа отыруға міндеттелді) мен партия ұялары арқылы қорларға квота және лимит белгілеу тетігі жолымен жүзеге асырылды.
Жалға беру мүмкін болмаған кәсіпорындар жабылуға жатқызылды, ал жұмысшылар мен қызметшілер еңбек биржасының тіркеуіне алынды. ҚазКСР ОСБ (ЦСУ) деректеріне сәйкес бір ғана 1922 жылы республика қалалары бойынша 50 мыңға жуық жұмыссыз тіркелді, бірак іс жүзінде жұмыссыздар одан әлдеқайда көп болды.Сонда, 406-407-6..