Тартпа — бесіктегі баланы аяғынан және қолынан байлайтын бау. Түрлеріне қарай қолбау және аяқбау деп бөлінеді. Жалпақ матадан ою – өрнектеліп, ұшына бау тағылып тігіледі. Қолбаудың жалпақтығы 10-15 см., пұлыш матадан мақта салып жасалып, астарлап тігіледі. Тартпаның мақсаты баланы бесіктен құлап кетпеу үшін, аяғын жинап алмау үшін байлауға арналған.
Сыртқы сілтемелер Бесік туралы kazaksha.kz сайтында Балаңызды бесікке бөлейсіз бе?
Санат:Бесік жабдықтары