Дизиготека () – аралия туысына жататын бір не көп жылдық лиана тәрәздә өсімдіктер туысы. тұқымдасына жатады. Отаны - Полинея мен Жаңа Каледония маңындағы аралдар. Ол мәңгіжасыл, ағаш тектес өсімдік. Табиғатта 17 түрі белгілі. Қазақстанда Dizygotheca elegantissima және Dizygotheca veitchii деген түрлері үй жағдайында өсіріледі. Dizygotheca elegantissima жапырақтары қою жасыл түсті, жіңішке, ұзыншақ, жиектері аратісті болып келеді, саусақтың саласы секілді сабақ басында тарамдала орналасқан. Сабақтың ұзындығы 40 см болады. Dizygotheca veitchii жоғарыда сипаттаған түріне ұқсас, тек жапырағы жалпақтау, жиектері ирек толқынды боп келеді. Дизиготеканың сабақтың жоғарғы жағында орналасқан ұсақ гүлдері ерекше әдемілікке ие емес. Үй жағдайында дизиготека сирек гүлдейді. Жарығы: Жарық мол түсетін жерге орналастыру керек. Жарық аз болса, түсі әрсізденіп кетеді. Жылуы: Жылу сүйгіш, қыс кезінде температура 17-18 °C-ден төмен болмағаны жөн. Жел өтінен сақтау қажет. Ауа температурасының бірден, күрт өзгеруіне шыдамсыз, жапырақтарын түсіріп тастайды. Суғарылуы: Көктемнен күзге дейін молынан, қыста азырақ суғару керек. Ылғалдылығы: Күнделікті су бүркіп, жапырақтарын ылғалдандырып тұрғанды қажет етеді. Қоректендірілуі: Мамыр айынан тамыз айына дейін екі аптада бір рет арнайы тыңайтқышпен қоректендіреді. Аурулары: Көп жағдайда оны өсімдік биті мен кене зақымдайды. Көбейтілуі: Тұқымы және қалемшелері арқылы көбейтіледі. Арнайы фитогормондар қосып тамырландырған дұрыс. Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Санат:Аралия тұқымдасы