Диффенбахия () – шаяноттар тұқымдасының 113 тегінің бірі. Өсімдік тегінің атауы атақты австриялық ботаник Йозеф Диффенбахтың құрметіне қойылған. Отаны – Оңтүстік Америка.
Биологиялық сипаттамасы Мәңгіжасыл, әдемі жапырақты өсімдік. Диффенбахияның 52 түрі белгілі. Барлық түрлерінің жапырақтары үлкен, жалпақ, ерекше әдемі боп келеді. Түрлеріне қарай ұзындығы 35-70 см, ені 10-16 см көлемінде болады. Үй жағдайында гүлдемейді.
Шырыны улы. Сондықтан онымен жұмыс жасағанда қолыңызға арнайы қолғап кигеніңіз дұрыс. Диффенбахия үш жылда биік болып өсіп, астыңғы жапырақтарын түсіріп, өз көркін жоғалта бастайды. Сондықтан аталған уақыттан кейін оның үстіңгі сабағын кесіп тамырландырып, өсімдікті жаңартқан абзал.
Күтімі Жарығы: Жазда алакөлеңкелі жерде, қыста жарық жерде тұру керек. Жылуы: Жел өтіне шыдамсыз. Температура 18ºC- тан төмен болмауы керек. Суғарылуы: Көктем мен жазда молынан жиі, қыста сирек суғарады. Ылғалдылығы: Жапырақтарын жиі жуып, су бүркіп тұру қажет. Ылғалдылық жетіспеген жағдайда жапырақтарының ұшы сарғайып, жиырылып қалады. Қоректендірілуі: Мамыр мен тамыз айларының аралығында арнайы тыңайтқышпен қоректендіру қажет, қыста қоректендірілмейді. Аурулары: Ауа температурасы күрт өзгеріп, тұрақты болмаған жағдайда, жапырақтары түсіп қалады. Көбейтілуі: Қалемше арқылы тамырландырып көбейтеді.
Түрлері thumb|left|260px| Dieffenbachia sp. Диффенбахияның 52 түрі белгіліПолный список видов на сайте GRIN .
Бақшада өсірілетін түрлері: . . . немесе . .немесе .
Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт
Дереккөздер
"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
Санат:Шаяноттар