thumb|left|300px| Қыпшақ тілдері — түркі тілдері арасында тіл саны бойынша ең ірі топтардың бірі. Қыпшақ тілі тармағын ғалымдар Батыс-түркі тілдері (кейде солтүстік-батыс тілдері ) деп атайды. Қыпшақ тілдері орта ғасырда көне түркі тілдері негізінде қалыптасқан.
Бөлікшелері Географиясына және тілдің құрамына қарай қыпшақ тілдері келесі тармақтарға бөлінеді Nordhoff, Sebastian; Hammarström, Harald; Forkel, Robert; Haspelmath, Martin, eds. (2013). "Kipchak". Glottolog 2.2. Leipzig: Max Planck Institute for Evolutionary Anthropology.: Батыс қыпшақ тілдері - құман, яғни қарайым тілі, қарашай-балқар тілі, құмық тілі, қырымтатар тілі, армян-қыпшақ тілі, ұрым тілі; Қыпшақ-бұлғар тілдері - башқұрт тілі, татар тілі; Қыпшақ-ноғай тілдері - добруджа татар тілі, қазақ тілі, қарақалпақ тілі, ноғай тілі. Қырғыз-қыпшақ тілдері - алтай тілі, қырғыз тілі.
Ерекшеліктер Қыпшақ тілдері тобына басқа түркі тілдерінен айырмашылығы:
дауыстылар саны 8 — 9 болады, ы, і, у, ү ерекше дыбыстары қолданылады; ерін үндестігі сирек кездеседі (құлұн — құлын); созылыңқы дауыстылары жоқ; в) ғ, г дыбыстары мүлдем айтылмайды не у, й дыбыстарымен алмасады. (тағ>тау); сөз басында ұяң б, қатаң т, к, қ дыбыстары болады (болат, тіл — полат, діл); б дыбысының орнына м қолданылады (бен — мен); сөз басында й ~ ж ~ ж (дж) дыбыстары тұрақсыз келеді (йол — жол (джол); кейбір қатаң дыбыстар ұяң айтылады: п>б, қ>ғ, к>г дауыстылар арасында спирант дыбыстарға айналады: п>у; б>у; қ>ғ; к>г.
Көне қыпшақ ескерткіштерінің тілі (Қыпшақ жазба ескерткіштері) Көне қыпшақ тілі Қимақтар мемлекеті тұсында туындап (9 — 11 ғасырлар), қазіргі тілдердің негізі болған. Моңғолдар үстемдігі тұсында ол тілде сөйлейтін ру-тайпалар ыдырады, Алтын Орда кезінде (13 — 15 ғасырлар) әдеби, ресми тіл ретінде қолданылып, кейін тұтастығынан тағы да айрылды. Сөйтіп, қазіргі Қыпшақ Тілі Тармағы пайда болды. Қыпшақ тілі Осман түріктері тілінің диалектілеріне айналған.
Дереккөздер
Санат:Түркі тілдері Санат:Қыпшақ тілдері