Хьюстон () — АҚШ-тағы төртінші үлкен қала болып, Техас штатындағы ең үлкен қала болып есептеледі. 2010 жылдағы АҚШ санағы бойынша, қаланың 1,500 шаршы километр аумағында 2.1 миллион халық өмір сүрген. Қала Мексика шығанағынан 50 шақырым жазық жерде орналасқан, оның ауданы 965 км².

Хьюстон 1836 жылдың 30 тамызынан 1837 жыл маусымның 5-не дейін Техас республикасы құрамында болады. Қала өз атын Техас революциясы кезіндегі Техас армиясының бас қолбасшысы, Техас республикасының президенті және сол аймақтың негізгі тарихи тұлғасы болып келетін Хьюстон Сэм құрметіне аталған. thumb|left|Үлкен Хьюстон агломерациясыLandsat 7 жер серігінен Қала экономикасы энергетика, аэронавтика, көлік, денсаулық сақтау өнеркісіптерінен тұрады. Қала мұнайөңдеу құралдарын жасау бойынша жетекші орын алады. Хьюстон порты АҚШ-та халықаралық жүк тасымалдау бойынша бірінші орынды алады. Экономика мен инфрақұрылым үшін Линдон Джонсон атындағы ғарыш орталығы, хьюстон кемежол арнасы, сонымен қатар құрамында көптеген емдеу институттары, госпитальдар мен медициналық мектептері кіретін Техас медициналық орталығы маңызды орын алады. Экономика Хьюстон әлемдік энергетикалық астана ретінде белгілі, мұнда осы аймақтағы биснеспен айналысатын 5 мыңнан астам энергетикалық компаниялар шоғырланған. Қалада Fortune 500 тізіміне кіретін бірқатар компаниялардың штаб-пәтерлері орналасқан. Хьюстон Әлемдік энергетикалық қалалар серіктестігі мүшесі болып табылады. Қаланы электроқуатпен қамтамасыз ететін ең ірі компаниялардың бірі CenterPoint Energy осында, ол электр қуатын Техасқа ғана емес, сондай ақ Арканзас, Луизиана, Миннесота, Миссисипиге, Оклахомаға да тарады. Оның қызметін 5 млн адамнан астам пайдаланады. Одан басқа ірі қуат компаниясы Техаста 40 орын алады және Fortune 500 ішінде АҚШ бойынша 364 алады . Корпорация иелігінде АҚШ бойынша шашырап орналасқан әр түрлі типті 92 электростанциядан тұратын парк бар. Солардың бірі Channel Energy Center Хьюстонда, кеме жолында орналасқан, тағы біреуі, Baytown Energy Center — Бейтаун қала маңында.

Дереккөздер

Санат:Техас қалалары Санат:Хьюстон Санат:1836 жылы құрылған елді мекендер Санат:АҚШ порттары Санат:АҚШ штаттары бойынша бұрынғы астаналар Санат:Техас округтары орталықтары Санат:АҚШ миллионер-қалалары Санат:Харрис (округ, Техас)