22 желтоқсан — Григориан күнтізбесінде жылдың 356-шы күні (кібісе жылдарда 357-ші). Жылдың аяғына 9 күн қалады.
Мерекелер Тағы қараңыз: :Санат:22 желтоқсан мерекелері Дүниежүзі қыс күндерінің тоқырау мейрамы , Aрхивші күні — Энергетиктер күні. — Дипломатиялық қызмет жұмысшыларының күні. — Бірігу күні. — Ана күні. — Ұлттық қорғаныс күні — Ұлттық математика күні — Дунчжи фестивалі
Оқиғалар 1992 — «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заң қабылданды.
1999 — Алматыда белгілі ғалым Евней Арыстанұлы Бөкетов өмір сүрген үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.
2000 — «Айгөлек» балалар журналының алғашқы саны жарық көрді.
2004 — Өзбекстанда Брайл әрпімен терілген Құран басып шығарылды.
2005 — «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс» ғарыш аппаратымен «Союз» зымырантасымалдағышы ұшырылды.
2005 — Новосібірде қазақ қарпімен басылған «Ұлы Абайға адалдық» кітабының ілкі данасы Семейге жеткізілді.
2007 — Петропавлда Қазақстанның және Якутияның көрнекті мемлекет қайраткері Максим Аммосовқа ескерткіш тақта орнатылды.
2008 — Қызылордада ТМД елдерінде баламасы жоқ күріш кеспесін өндіретін зауыт ашылды.
2008 Оралдағы Д.Қонаев атындағы ықшамауданда Кеңес Одағының Батыры Михаил Абдоловқа ескерткіш тақта орнатылды.
2009 — Алматы қаласында физика-математика пәндері тереңдетіп оқытылатын «Абылай - Т» гимназиясы салтанатты түрде ашылды.
Туғандар
XIX ғасыр 1803 — Бейсенбі Дөненбайұлы (1872 жылы қайтыс болған), — қазақ халқының күйшісі. 1819 — Франц Абт (1885 жылы қайтыс болған), — немеіс композиторы. 1823 — Жан Анри Фабр (1915 жылы қайтыс болған), француз энтомологы, жазушы. 1858 — Джакомо Пуччини (1924 жылы қайтыс болған), итальяндық композитор. 1859 — Бақтыкерей Құлманов (1919 жылы қайтыс болған), Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері 1887 — Сриниваса Рамануджан (1920 жылы қайтыс болған), үнді математигі. 1898 — Владимир Александрович Фок (1974 жылы қайтыс болған), квантты механика саласының физик-теоретигі, КСРА ҒА академигі. 1899 — Николай Васильевич Горбань (1973 жылы қайтыс болған), тарихшы, жазушы.
XX ғасыр 1905 — Стасис Англицкис (1999 жылы қайтыс болған), литвалық ақын. 1905 — Иннокентий Петрович Герасимов (1985 жылы қайтыс болған), кеңес географы, геоморфологы. 1908 — Мәсімхан Бейсебаев, (1987 жылы қайтыс болған), кеңес мемлекет қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері. 1915 — Уақит Шәріпұлы Шәріпов, (1970 жылы қайтыс болған), кеңес кен ісі саласындағы ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор. 1915 — Виталий Гаврилович Ли, (1999 жылы қайтыс болған), қазақстандық геолог-ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор. 1936 - Гектор Элизондо, американдық актер. 1937 — Эдуард Николаевич Успенский, жазушы, танымал кеңестік «Гена қолтырауын және оның достары» (1966), «Чебурашка және оның достары» (1970), «Федор ағай, ит және мысық» (1974) ертегілерінің авторы. 1939 — Лео Антонович Бокерия орыс кардиохирургі, ғалым және медицина ғылымдарын ұйымдастырушы. 1943 — Пол Вулфовиц, американдық саясаткер, тегі еврей, Дүниежүзілік банк президенті (2005—2007). 1946 — Владимир Георгиевич Богин, кеңестік және ресейлік театр және кино актеры, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей халық әртісі. 1947 — Дэйв Кинг, хоккейден Канада ұлттық құрамасының бапкері. 1948 — Николае Тимофти, молдовалық саяси қайраткер, Молдавия Президенті (2012 жылдан бастап). 1949 — Робин Хью Гибб, (британдық «Bee Gees» тобының екінші басты-вокалисті) және Морис Гибб (Bee Gees тобының пернешісі және гитаристі ). Робин мен Морис — егіздер. 1953 — Серікжан Зиадаұлы Қанаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. 1954 — Омархан Нұртайұлы Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 1954 — Алла Федоровна Сейітова, ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатының директоры. 1962 — Рэйф Файнс, британдық актер («Шиндлер тізімі», «Ағылшын пациенті», «Гарри Поттер»). 1964 — Марат Мұратұлы Ахметжанов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті басшысы. 1972 — Ванесса Паради, француз актрисасы, әнші, модель.
Қайтыс болғандар
Сыртқы сілтемелер
Санат:22 желтоқсан