Қарғалытау – Торғай үстіртінің орталық бөлігінде орналасқан төрткілді-үстіртті таулар.

Географиялық орны Қостанай облысы Жангелді ауданының солтүстік бөлігін және Науырзым ауданының оңтүстік-батыс бөлігін алып жатыр. Ол батысында Қабырға (Өлкейек өзенінің саласы) және Қарасу, шығысында Теке және Үлкен Қаражылға өзендерінің суайрығы болып табылады. Қарғалытаудың жалпы ұзындығы 140 км шамасында.

Жер бедері Теңіз бетінен ең биік жері (308 м) орталық бөлігінде орналасқан. Оңтүстік жағында теңіз деңгейінен биіктігі 219 м Қостөбе шоқысы оқшауланып тұрады. Қарғалытаудың батыс беткейінен Қабырға өзенінің салалары, шығыс беткейінен Теке мен Үлкен Қаражылға өзендерінің салалары бастау алады. Оның солтүстік-шығыс баурайынан Мұзбұлақ бұлағы басталады. Мал жайылымы және егістік есебінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жангелді ауданы таулары Санат:Науырзым ауданы таулары