Жота түріндегі гидротехникалык қалдық қоймасының бөгеуі — кен байытудан алынатын қалдық арнаулы қоймаға пульпа түрінде түсіріледі. Қалдық белгілі бір ауданда жинақы орналасу үшін сол ауданның жер бедеріне қарай бөгеу жасалады. Егер жер жазық болса, бөгеу шеңбер бойымен орналасады. Егер жер сайлы не тарғылған өзен арнасы болса, ол түзу бөгеу түрінде және басқа да түрде салынады. Ол әр түрлі құрылыс материалдары пайдаланыла отырып, белгілі тәртіппен салынады. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 . Дереккөздер
Санат: Терминология Санат: Металлургия Санат: Тау-кен ісі