Қазақ тілі мен әдебиеті – ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журнал. 1958 жылдың наурыз айынан 1959 жылғы қарашаға дейін шығып тұрған. Алғашқы бас редакторы Т.Ақшолақов. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1991 жылы қайтадан шыға бастады. Журналдың “Көкейтесті көзқарас”, “Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс”, “Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс”, “Оқулыққа қосымша”, “Жас маманға жәрдем”, “Тіл тарихы мен теориясы”, “Әдебиет тарихы мен теориясы”, “Өнеге сағаты”, “Сабақтан тыс тәрбие”, “Оңаша ой отауы”, “Ұлттық тәлім-тәрбие: рухани уыз”, “Лингвистикалық көмек: сөз төркіні”, “Ел қазынасы – ескі сөз”, т.б. тұрақты айдарлары қалыптасқан.

ҚР Білім министрлігінің алқасының 1993 жылы 20 желтоқсандағы шешімі негізінде 1994 жылы шілдеде журналдың ғылыми тәлім-тәрбиелік “Ұлағат” қосымшасы жарыққа шыға бастады. Бұл тек Қазақстан емес, Орталық Азия республикалары бойынша ғылыми-психологиялық және педагоикалық мәселелерге арналған тұңғыш басылым. 2001 жылы басында, журналдан орыс мектептеріне арналған республикалық ғылыми-педагогикалық “Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде – Казахский язык и литература в русской школе” журналы бөлініп шықты.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V томҚазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер

Санат:Қазақстан әдебиеті