thumb|right|200px| Кісен, темір тұсау — жылқыны матау әбзелі.
Шеберлер кісенді аттың аяғына темірден келістіріп иіп, аяққа тиетін жеріне киіз салып, сыртын былғарымен қаптап тігіп жасайды. Кісеннің аттың аяғына салатын жерінің темірі екі бөлшектен тұрады, ашылу, жабылу жағдайы тоға арқылы істеледі; аттың оң аяғына салынатын кісеннің бөлшегінің біреуінде кішкентай шығыр болады, сол шығырдан кісеннің шынжырын өткізгенде бөлшек жабылады, ал екінші аяғына салатын кісеннің бөлшектерінің екі ұшында айқастырып жабылатын кілті болады. Кісен тек кілтпен ашылып, жабылады.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
Сөз төркіні Әдетте, бұл сөзді естігенде малдың аяғына немесе жазалы, қылмысты адамның қол-аяғына салынатын темір бұғау еске түседі. Ертедегі түркі жазба ескерткіштеріне зер алсақ, сөздің алғашқы түбірі «кіше» етістігі болған да, мағынасы — шырмау, байлау (ДТС, 310). Қазіргі түркі тілдерінде — ұйғырларда осы тұлғалас (кіжә) әрі мағыналас сөзді кездестіреміз (Рад., Опыт..., II, 2, 1394). Бергі кездерде осы түбірге -н жұрнағы қосыла отырып, қазақ тілінде «кісен» сөзі осы күнгі мағынаны беретін болып қалыптасқан.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Дереккөздер
Санат:Ат әбзелдері