Елена (Элеонора) Генриховна Гуро (18 мамыр 1877, Санкт-Петербург — 23 сәуір (6 мамыр) 1913) – орыс ақыны, прозашы, суретші.

Өмірі

Елена Жоғары шенді әскеридің қызы болған. 1906-1907 жылдары сурет өнерін Л.С.Баксаттан және М.В.Добужинскийден алған.

Қызметі

1909 жылы бірінші әңгімелер, өлеңдер мен пьесалары «Шарманка» атты жинақта жарық көреді.

1910-1913 жылдары «Жастар кеңесі» көрмесінде суретші ретінде белсенділік танытады.

1912 жылы Елена Гуро екінші «Осенний сон» атты жинағын шығарады. Оның әйгілі «Небесные верблюжата» (1914) атты кітабы қайтыс болғаннан кейін ғана жарық көреді.

Елена Гуро финляндиядағы үйінде лейкемия ауруынан қайтыс болады.

Шығармалары

• Елена Гуро. Шарманка. — СПб.: Сириус, 1909 • Елена Гуро. Осенний сон. — СПб.: Сириус, 1912 • Елена Гуро. Небесные верблюжата. — СПб.: Журавль, 1914

Отбасы

Матюшин, Михаил Владимирович — күйеуі, суретші, музыкант болған.