Ғазиза Әбілда - 1975 жылы 1 сәуірде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. Қазіргі М.Байділдаев атындағы №232 орта мектепте орта білім алған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 2001 жылдан бастап Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 2010-2017 жылдар аралығында бас редактор қызметін атқарған. 2017 жылдың сәуір айынан бастап облыстық «Сыр бойы» газетінде аға тілші болып қызмет атқарып келеді.
Ол 2001 жылы қараша айында Қазақстан Жазушылар одағына мүше болып қабылданған, 2004 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
2005 жылы өнер жылы аясында өткізілген аймақтық «Сырдария-жырдария» өнер фестивалінің «Құрмет белгісімен», «Қызылорда облысына 70 жыл» мерекелік медалімен, 2012 жылы Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен», 2015 жылы Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» Қазақ творчестволық бірлестігінің М.Шолохов атындағы медалімен марапатталған.
2020 жылы Қазақстан Журналистер одағы, 2023 жылы Қазақстан Жазушылар одағының «Құрмет грамотасын», 2024 жылы облыс әкімінің өнер, шығармашылық өкілдеріне арналған «Тұран» сыйлығын, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленді.
«Таңсәрі», «Сезім – серуен» жыр жинақтарының авторы. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.
Дереккөздер
Санат:1975 жылы туғандар Санат:Қазақстан жазушылары