Ибрагим Баймуратұлы Еділбаев 1933 жылы 3 наурызда Қызылорда облысы Сырдария ауданының №11 ауылында туған. Техника ғылымдарының докторы. Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі.
Қызмет жолы Қазақ кен-металлургия институтын (1956) бітірген, тау-кен инженері; КСРО Халық шаруашылығы академиясының Мәскеу халық шаруашылығын басқару институтын (1979) бітірген. 1956 жылдан - «Текелі» кенішінің ауысым шебері, учаске бастығы, кеніш бас инженерінің орынбасары, 1961 жылдан - «Көксу» кенішінің бастығы, 1966 жылдан – Текелі қорғасын-мырыш комбинатының директоры. 1974 жылдан - ҚазКСР түсті металлургия министрінің орынбасары. 1981 жылдан- Қазақстан Компартиясы ОК ауыр өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі. 1987 жылдан - ҚазКСР Жергілікті өнеркәсіп министрі. 1991 жылдан - «Қазжерөнеркәсіп» республикалық концернінің президенті. 1993 жылдан - «Қазжеримпэкс» фирмасының директоры, «Қазхром» ТҰК Президентінің кеңесшісі. 1997 жылдан - «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің» президенті. 1999 жылдан - «Қазхром» ҰАК» ААҚ вице-президенті. 2001 жылдан - Еуразия енеркәсіп қауымдастығының вице-президенті. 2007 жылдан бері - «ЕЫГСС Қазақстан» компаниясының техникалық дамыту жөніндегі вице-президенті.
Еңбектері «Тау-кен инженерінің естелігі» (2003), «Қайта өркендеу» (2004) кітаптарының, 60-тан астам ғылыми еңбек пен мақаланың авторы. 46 өнертабысы, оның ішінде 5 патенті бар (1995-2001). Тур (1999), Алексеев (2000) кен орындарының ізашары. Қоғамдық қызметі
10-11 шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. «Кімнің кім екені» халықаралық клубының (Вашингтон қ., 2007) мүшесі. ҚР Минералдық ресурстар академиясы төралқасының мүшесі. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі (2001 жылдан). Марапаттары «Құрмет белгісі» (1966), Еңбек Қызыл Ту (1971), «Құрмет» (2001), «Барыс» (2007) ордендерімен, 5 медальмен (1975-1993), «Ұлы Отан соғысының ардагері», 1-ші дәрежелі «Кенші даңқы» белгілерімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «Шахтер даңқы» белгісінің толық кавалері. КСРО Құрметті кеншісі. Текелі қаласының Құрметті азаматыҚазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2.
Дереккөздер
Санат:3 наурызда туғандар Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:Қазақстан кеншілері Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан өнертапқыштары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Барыс орденінің иегерлері Санат:Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академиктері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Мәскеу халық шаруашылығын басқару институты түлектері Санат:Қазақ КСР Жергілікті өнеркәсіп министрлері Санат:Қазхром тұлғалары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:КСРО құрметті кеншілері Санат:Текелінің құрметті азаматтары