Илья Александрович Вернер 1971 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. Қарағанды металлургия институтын (1995) «Қара металдар металлургиясы», инженер-металлург; Мәскеу халықаралық «МИРБИС» жоғары бизнес мектебін (2010) «Өндірісті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. Ғылыми-техникалықбасылымдарда жарық көрген 9 мақаламен жарияланымның авторы. Орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі. 1997 жылдан - «Испат Кармет» АҚ металлургиялық комбинаты Орталық зауыт зертханасының зерттеуші инженер инженер-технологы. 2007 жылдан - «Өркен» ЖШС Өркен Атансор» екілдігінің бас инженері. 2009 жылдан – Орталық зауыт зертханасы Сапаны бақылау және жаңа өнімді дамыту орталығының бастығы. 2011 жылдан бері - «Өркен» ЖШС бас директоры.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Металлургия

Санат:1971 жылы туғандар