Орталық теледидар тарихыҚазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57..

Бір мың тоғыз жүз елу алтыншы жылы Орталық теледидар Англияға арналған (2 сәуір-4 мамыр) хабарлар сериясын өткізді.

10 сәуір. Эфирде жаңа "Жасыл сәуле" радиоқойылымы (Л.Соболевтің осы аттас повесі бойынша) берілді. Хабардың музыкасын Л. Книппер жазды. Қоюшы режиссер Виктор Турбин.

"1 мамыр". Теледидар арқылы бірінші рет Қызыл алаңдағы әскери шеру мен Мәскеу еңбекшілерінің шеруі көрсетілді. Репортаж екі жылжымалы теледидар станцияларының (ЖТС) көмегімен жүргізілді. Хабардың режиссері — Я. Трайнин болды.

25 маусым. Мәскеуде "Знание" теледидар журналының бірінші нөмірі шықты. Онда А. Горькийдің Қазан төңкерісінен кейінгі отандық ғылымның дамуына қатысуы, орман өнімдерін өңдеуге қолданылатын жаңа машиналар, Мәскеудегі Свердлов алаңының тарихы туралы әңгімеленді. Жекелеген сюжеттер шетелдегі ғылым мен техниканың жаңалықтарына арналды. "Знание" теледидар журналы көрермендерді кеңестік ғалымдардың ғылым мен техниканың әртүрлі салаларындағы аса маңызды жұмыстарымен, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалардың жетістіктерімен таныстырады.

Бір мың тоғыз жүз елу жетінші жыл Орталық теледидар "Ұмытылған таспалар" хабарлар циклін (9 наурыз) бастады, оған ескі кинофильмдердегі неғұрлым қызғылықты көріністері енгізілді (Бұл хабарлар 1959 жылы шілдесінен "Кино әуесқойлары үшін" деп атала бастады).

12 наурыз. Орталық теледидар И. Робиннің пьесасы бойынша жаңа теледидарлық қойылым "Менделеев" көрсетілді. Ол уақыт жағынан екі онжылдықты 1869-90 жылдары қамтиды. Бұл ғалым өміріндегі ғылыми ұлы ерлік химия элементтерінің периодтық жүйесі жасалған ең жарқын және мәнді жылдары. Қоюшы режиссеры — В. Дудин.

Бір мың тоғыз жүз елу сегізінші жыл Ярославль, Гомель, Волгоград теледидар студиялары (қаңтар) іске қосылды. 1958 жылы бас кезінде [КСРО]]-да 30 теледидар студиясы жұмыс істеді, бұдан бөлек олар көптеген қалаларда салынып жатты. Елде бұл кезде халықтың пайдалануында 1767 мың телевизор болды (1950 жылы 14,4 мың).

12 сәуір. Орталық теледидар "Молодость" теледидар журналының бірінші нөмірін берді. Ол кеңес жастарының өмірін, күнделікті еңбегін, қоғам құрылысына қатысуын көрсетеді. Журнал достық, махаббат, адам сұлулығы, кеңес жастарының шетелдік жігіттер мен қыздармен интернационалдық байланыстары туралы әңгімелейді.

Сәуір. Алматы, Ростов, Пермь және Пенза теледидар студиялары іске қосылды.

Мамыр. Кишинёв және Днепропетровск теледидар студиялары іске қосылды.

24 шілде. Орталық теледидар ұйымдастырған теледидарлық "Қызықты кездесулер клубының" бірінші мәжілісі болды. Жас көрермендердің алдында ғаламшарлар арасындағы қатынастар, астронавтиканың даму жолдары туралы әңгімелеген профессор — В. Добронравов, техника ғылымының докторы — Г. Бабат, инженер-геолог — А. Викторов сөз сөйледі, профессор — Н. Жиров Атлантиданың өмір сүрген, сүрмегені туралы сұраққа жауап берді.

Бір мың тоғыз жүз елу тоғызыншы жыл Орталық теледидар И. Поповтың пьесасы бойынша "Көктемгі найзағайлар" теледидарлық спектаклін (21 сәуір) көрсетті. Спектакль В. Ленинге, оның жалпыресейлік "Искра" саяси газетін құру кезеңіндегі өмірі мен қызметіне, партияның II съезін шақыру мен өткізу жолындағы күресіне арналған. В. Лениннің рөлін артист — А. Консовский, Н. Крупскаяның рөлін — А.Касенкина орындады. Басқа рөлдегілер: Р. Плятт, Б. Оленин, П. Герага, Г. Слабиняк, А. Калинцев. Қоюшы РКФСР еңбек сіңірген әртісі — М. Сидоркина.

27 қаңтар - 5 ақпан. Радио мен теледидардан халық шаруашылығын дамытудың жетіжылдық жоспарын қабылдаған, Кеңестер Одағының коммунизм құру кезеңіне енгенін жариялаған СОКП-нын кезектен тыс XXI съезінің материалдары берілді. Съездің "КСРО халық шаруашылығы дамуының 1959-1965 жылдары арналған бақылау цифлары туралы" қарарында алда тұрған жеті жылдың ішінде радио мен теледидардың кең дамитыны айтылды; радио және теледидар хабарларын тарататын станциялар желісін дамыту қажеттілігі көрсетілді. Осы қарарда партияның идеологиялық жұмысында радио мен теледидардың маңызды рөл атқаруы тиіс екендігі атап көрсетілді. XXI съездің шешімі бойынша, радиоқабылдағыштар мен телевизорлар шығару анағұрлым артады. Өткен 7 жылмен салыстырғанда халыққа телевизорлар сату 4,6 есе, радиоқабылдағыштар мен радиоларды сату 1,8 есе артады. Байланыстың радиорелелік желілерінің ұзындығы шамамен 8,4 есе өсуі тиіс болды.

Радио хабарларын тарату станцияларының қуатын арттыру мен телеледидар және ультрақысқа толқындарда хабарлар таратуды кеңінен енгізу жұмыстарын жылдамдату, сондай-ақ түрлі-түсті теледидарды енгізу белгіленді. Теледидар станцияларының саны 2,6 есе артуы тиіс болды. 7 жылдық жоспар ауылдарды радиоландыру жұмысын аяқтауды да қарастырды. Жаңадан шамамен 100-дей теледидар орталықтары мен теледидар станциялары салынатын болды. Съезд шешімінде теледидар барлық Одақтас республикалардың астаналарында, ірі өнеркәсіптік орталықтар мен олардың айналасындағы ауылдық аудандарда жүзеге асырылуы қарастырылды.

1965 жылы радио қабылдау нүктелерінің саны 30 миллионға, оның ішінде телевизорлар 12,5 миллионға артуы тиіс болды. Жетіжылдықтың алғашқы төрт жылында радио хабарларын тарату станцияларының қуаты 32%-ан астамға өсті, оның үстіне ультрақысқа толқындарда хабарлар тарату үш есеге өсті. Ультрақысқа толқындарда хабар тарату елдің халық тығыз қоныстанған негізгі аудандарындағы 100-дей қалада жүргізілді. Жетіжылдықтың төрт жылында радиоқабылдағыш аппараттарының саны шамамен 23 милллионға дейін көбейді.

1963 жылы бас кезінде шамамен 70 миллиондай қабылдау қондырғылары, оның ішінде 33 миллиондай радиоқабылдағыш және 8 миллиондай телевизор болды. Радиорелелік желілердің ұзындығы төрт жыл ішінде 4 еседен аса өсті. 1959-1962 жылдары 70 теледидар орталығы мен ретрансляциялық станциялар іске қосылды. 1963 жылы тағы да сегіз теледидар орталығы мен он ретрансляциялық станциясының құрылысы аяқталды. 1964 жылы жетіжылдық жоспардың теледидар хабарларын тарату жөніндегі тапсырмалары орындалып бітеді.

31 қаңтар. Орталық теледидар "Кеңес театры тарихының беттерінен" хабарлар циклін бастады. Бірінші хабар кеңес театрының 1917-27 жылдары аралығындағы өмірі туралы әңгімеледі. Бұл кезде дүниежүзілік классикалық драматургияның шығармалары жаңа көрерменнің игілігіне айналып, жас кеңес драматургиясының қалыптасуы басталды.

Қаңтар. Фрунзе (қазіргі Бішкек), Ақмешіт және Воркута теледидар студиялары іске қосылды.

3 тамыз. Орталық теледидар Мәскеудегі халықаралық кинофестивальдың ашылуы туралы репортаж берді. Екі апта бойы теледидардан көрермендерге күн сайын конкурсқа ұсынылған фильмдер, фестивальға қатысушылар мен қонақтары туралы әңгімеленді. Фестивальға қатысушылар тұрған "Москва" қонақ үйі нөмірлерінің бірі "теледидар студиясына" айналды. Бұл жерде телекамералар, дыбыс режиссерінің пульті, микрофондар орналасты. Теледидардан белгілі режиссерлер, кино артистері, кино сыншылары мен кино жұлдыздары сөз сөйледі. Қызу, еркін әңгімеде кинематография қайраткерлері өздерінің мәскеулік әсерлері, шыгармашылық жоспарлары, көрермендермен өткен кездесулері, "Кино өнеріндегі гуманизм, халықтар арасындағы бейбітшілік пен достық үшін" девизімен өтіп жатқан фестиваль фильмдері туралы өз пікірлерінмен бөлісті.

31 қазан. Теледидардың Орталық студиясы Саяси және ғылыми білімдерді тарату жөніндегі Бүкілодактык қоғамның басқармасымен бірлесе отырып ұйымдастырған теледидарлық Халық университеті ашылды. Унивеситеттің ашылуында академиктер М. Митин, А. Опарин және басқалар сөз сөйледі. Пятигорск, Қазан және Череповец теледидар студиялары іске қосылды.

1 қараша. Орталық теледидар Халық университеті өнер факультетінің бірінші хабарын өткізді.

Бір мың тоғыз жүз алпысыншы жыл Ленинградта бірінші рет эфирден түрлі түсті бейнедегі хабар беру (5 қаңтар) жүзеге асырылды. Бұл күні Таврия сарайындағы көрмеде көрсетілген, М. Бонч-Бруевич атындағы байланыстың электро-техникалық институтында кұрастырылған телевизорлар теледидар орталығынан берілген хабарларды қабылдады. Қалалық партия конференциясының делегаттары алғашқы көрермендерге айналды. Одан кейін өнеркәсіп көрмесіне келген ондаған мың ленинградтықтар да хабарларды көре алды.

14 қаңтар. Мәскеуде түрлі түсті теледидар бағдарламаларының байқау хабарлары басталды. Түрлі түсті бағдарламаның бір жарым сағатқа созылған бірінші хабары түрлі түсті кинофильмдердің көріністерінен және жекелеген концерттік нөмірлерден құралды. Хабар 20.00-де басталды. Оның қара-ақ түсті бейнесі 8-арна арқылы 10-20 шақырым қашықтықтағы "Рубин", "Темп-3", "Алмаз", "Кристалл" т.б. телевизорларына берілді. Түрлі түсті бейнені Мәскеудің әр түрлі аудандарында орнатылған арнаулы теледидар қабылдағыштары қабылдады. Түрлі-түсті хабар берудің бірінші бағдарламасында "Қырымдағы күз" деректі киноочерк, "Тас гүл" және "Алтын симфония" фильмдерінен көріністер, сондай-ақ шағын мультфильм көрсетілді. Концерттік нөмірлері де көрсетілді.

10 ақпан. Мәскеуден жаңа кабельдік желі бойынша Орталық теледидардың Киевке арналған бағдарламасының байқау хабары берілді. Киевтіктерге кинофильм көрсетілді. Өз кезегінде теледидардың Киев студиясы мәскеуліктерге арнап концерт берді. Трансляция жаңа мың шақырымдық жерасты магистралімен жүзеге асырылды. Бұл магистраль кейіннен Украина астанасынан батысқа қарай ұзартылды.

Бір мың тоғыз жүз алпыс бірінші жыл Орталық теледидар "Кино әуесқойларының теледидар клубын" (16 ақпан) ашты. "Клубта" әуескойлық фильмдер көрсетілді. Хабарға фильмдердің авторлары жұмысшылар, инженерлер, ғалымдар, артистер, журналистер, кинематография қайраткерлері қатысты.

10 маусым. Орталық теледидар бірінші берді. Көрермендер ағылшын астанасының жалпы көрінісін көрді. Оның тарихи орындарымен, көрікті жерлерімен, көшелерімен және алаңдарымен танысты. Одан кейін ұлттық "Туды алып шығу" салтанаты көрсетілді.

23 қыркүйек. Орталық теледидар ГДР теледидарымен бірлесе отырып, ГДР-дың астанасынан "Бүгінгі Берлин" теледидар репортажын берді.

3 желтоқсан. "Жаңалықтар эстафетасы" жаңа теледидар журналының бірінші нөмірі шығарылды. Журнал телекөрермендерге ең маңызды жаңалықтар туралы әңгімеледі. Эфирден сюжеттер көрсетті. Fарышқа ұшулар мен өндіріс жаңашылдарының жетістіктері, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен химия құрылысшыларының істері, ғалымдар ашкан жаңалықтар, бүкіл дүниежүзіндегі бейбітшілік үшін күресушілердің табыстары, әдебиет, өнер, спорт жаңалықтары қамтылды. Журнал жұмысына Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Свердловск (қазіргі Екатеринбург), Минск, Рига, Таллин, Кишинёв, Львов, Горький (қазіргі Нижний Новгород), Қазан және басқа да көптеген қалалардың теледидар студиялары қатысты.

Бір мың тоғыз жүз алпыс екінші жыл КСРО Орталық теледидары, Украина, Эстония, Латвия теледидарлары 1960 жылы ақпан айынан іске кіріскен теледидар бағдарламаларымен алмасудың халықаралық ұйымы Интервидениенің құрамына ресми түрде (1 қаңтар) енді. 1960 жылы ГДР, Венгрия, Польді, Польшаны, Румынияны, КСРО мен Чехословакияны байланыстыратын теледидар желісінің ұзындығы сегіз мыңдай шақырымды құрады.

21 ақпан. Орталық теледидар "Батырлық туралы әңгімелер" хабарлар сериясын бастады. Телекөрермендерге ұнаған бұл хабарларда жазушы С. Смирнов әлі де белгісіз батырлар, кеңес адамдарының ерліктері тарихына осы уақытқа дейін енбеген жаңа батырлар туралы әңгімеледі.