Керімбекова Айсара(15 маусым 1965, Алматы облысы Кеген ауданы Ақтасты ауылы) – самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1992), дзюдодан спорт шебері (1990), самбодан дүние жүзі чемпионатының күміс жүлдегері (Калининград, 1988), А.Харлампиев атындағы халықар. турнирдің екі мәрте жеңімпазы (Мәскеу, 1988, 1989), КСРО Кубогінің күміс жүлдегері (Александровск, 1989), КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері (Минск, 1991), Азия чемпионы (Владивосток, 1992), дүние жүзі чемпионатының күміс жүлдегері (Минск, 1992), Азия чемпионатының қола жүлдегері (Алматы, 1994, Бішкек, 1995), дзюдодан ТМД елдері чемпионатының күміс жүлдегері (Брянск, 1995). 1992 ж. еліміздің таңдаулы он спортшысы қатарына енді. Қазір Алматы қ-ндағы қазақ-араб колледжінде дәріс береді.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер:

Санат:1965 жылы туғандар Санат:Қазақстан самбошылары Санат:Алфавит бойынша самбошылар Санат:15 маусымда туғандар Санат:Самбодан Азия чемпиондары