Мәртөк ауданы — Ақтөбе облысының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы — Мәртөк ауылы.

Географиялық орны, жер бедері мен климаты Мәртөк ауданы солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, батысында Қобда, оңтүстігінде Алға ауданы және Ақтөбе қаласымен, шығысында Қарғалы ауданымен шектеседі. Аудан солтүстіктен оңтүстікке 110 шақырымға созылса, бұл көрсеткіш шығыстан батысқа 147 шақырым құрайды. Аудан жері негізінен жазық, солтүстігі сәл қыратты келеді. Ең биік жері ауданның солтүстік-шығысында (414 м). Климаты айқын континенттік, қысы — суық, жазы — ыстық. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда –15 — 17С, шілдеде 21 — 23С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 220 — 250 мм.

Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 29150 32458 40990 32749 31716 31084 29843 29804 Халық саны 29980 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (62,72%), орыстар (17,67%), украиндар (12,15%), немістер (2,78%), беларустар (0,37%), татарлар (1,76%), басқалары (2,55%). Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,5 адамнан келеді.

Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 32 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Аққұдық ауылдық округі Вознесеновка ауылы 5 993 Байнассай ауылдық округі Байнассай ауылы 2 664 Байторысай ауылдық округі Байторысай ауылы 4 992 Жайсаң ауылдық округі Жайсаң ауылы 2 2893 Қазірет ауылдық округі Қазірет ауылы 2 440 Қаратоғай ауылдық округі Қаратоғай ауылы 1 1517 Қарашай ауылдық округі Қаратаусай ауылы 2 842 Құрмансай ауылдық округі Құрмансай ауылы 3 487 Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылы 3 1051 Мәртөк ауылдық округі Мәртөк ауылы 4 11374 Родников ауылдық округі Родниковка ауылы 1 1406 Сарыжар ауылдық округі Сарыжар ауылы 1 4963 Тәңірберген ауылдық округі Саржансай ауылы 2 1713

Ірі елді мекендері Атауы Халқы (2021) Мәртөк 10679 Сарыжар (Хлебодар) 4963 Жайсаң 2774 Қаратоғай 1517 Родниковка 1406 Саржансай (Нагорное) 1108 Кеңсахара 605 Байнассай (Новомихайловка) 514

Өзен-сулары Ауданның оңтүстік-батыс жерімен Елек өзені және оның салалары Ақсу, Жамансу, Тәңірберген (Танаберген) ағып өтеді. Шығысын бойлай Жайық өзенінің саласы Қиялы Бөрте өзені ағады. Бірнеше ұсақ көлдер бар.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Аудан аумағында құрғақ дала белдеміне тән топырақ жамылғысы қалыптасқан. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында жерінің көбі жыртылған. Өсімдіктің 300-ден аса түрі бар, оның ішінде боз, бетеге, қара жусан, ши, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, суыр, борсық, сарышұнақ, аламан тышқаны және бауырымен жорғалаушылар, т.б. мекендейді. 160-қа жуық құс түрі ұялап, 27-ісі жыл бойы қалады.

Шаруашылығы, инфрақұрылымы Ауданда 1996 жылға дейін астық өндіру, оған қосымша сүтті-етті мал, көкөніс, картоп өсіруге маманданған 13 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1996 жылдан АҚ-дар, ӨК және шаруа қожалықтары құрылды. Аудандағы ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 480 мың га, оның ішінде жыртылған жері 188,2 мың га, шабындығы 11,0 мың га, жайылымы 265,2 мың га, орманы 5,6 мың га. (2000). Мал шаруашылығында 2000 жылы 35,1 мың сиыр, 14,4 мың қой мен ешкі, 10,2 мың шошқа, 1,5 мың жылқы болды. Жалпы білім беретін 31 орта мектеп, 1 кәсіптік-тех. мектеп, мәдениет үйі, 16 клуб бар. Денсаулық сақтау саласында аурухана мен емхана, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 отбасылық-дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Аудан жерімен Орынбор — Ташкент т. ж., Ақтөбе — Мәртөк, Ойыл — Мәртөк автомобиль жолдары өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Дереккөздер

Санат:Мәртөк ауданы