thumb|right Кебеже — тамақ сақтауға арналған сандық сияқты ағаш бұйым. Кебеженің түбі қалың тақтайдан жасалады. Оның қақпағы кәдімгі сандықтың қақпағы сияқты, кейде жармалы да болып келеді. Жармалар не көлденең кергіш ағашпен, не таспамен жалғастырылады. Кебеженің беті де асадал сияқты кейде ірімшікпен, кейде сүйекпен ою салып өрнектеледіҚазақ тілі терминдер сөздігі I томШаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз. Сов. энцикл. Бас ред., 1990. ISBN 5-89800-008-9. нобай|Кебеже. ХIX ғ. Кебеже Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Олардың жасалу тәсілі, сыртқы пішіні көп жерлерде ұқсас болып келеді. Кебежелердің бір-бірінен ерекшелігі олардың алдыңғы бетін көркемдеу тәсілінен байқалады.

Дереккөздер

Санат:Үй тұрмысы Санат:Тұрмыс