Касса«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том (итальянша cassa – жәшік‚ қобди) – кәсіпорынның (фирманың‚ ұйымның) қолма-қол ақшасы; бухгалтерлік есептің ақшалай қаражат қозғалысын көрсететін есеп шоты; банктердің‚ кейбір кәсіпорындардың‚ ұйымдардың қолма-қол ақшамен‚ басқа да құндылықтармен жасалатын операцияларды жүзеге асыратын бөлімшесі; несие мекемесі; ақшаны қабылдайтын‚ сақтайтын‚ беретін арнаулы үй-жай.

Негізгі түрлері: валюталық касса – шет ел валютасымен түскен түсімдер мен төленген төлемдердің жиынтығы; депозиттік касса банк мекемесінің қолма-қол ақшалай қаражат пен құндылықтарды депозиттік сақтау мен өзгедей сақтауға қабылдайтын кассалық бөлімшесі; жинақ кассасы – әлемнің көптеген елдерінде қабылданған қаржы мекемелерінің нысаны, ол жинақ кітапшалары бойынша есепшотты жүргізеді, жекеше тұлғаларға қарыз беруі, чек кітапшаларын беруі, тағы басқа операциялар жасауы мүмкін; кіріс кассасы – кәсіпорындардан, ұйымдардан, фирмалардан, халықтан операциялық күн бойына қолма-қол ақша мен басқа да құндылықтар қабылдайтын банк кассасы; өзара көмек кассасы – өзара жолдастық, материалдық көмек көрсету үшін азаматтарды ерікті негізде біріктіретін қоғамдық несие мекемесі.

Дереккөздер

Санат:Терминология