Станислав Викентьевич Калесник (23 қаңтар 1901, Ресей, Санкт-Петербург – 13 қыркүйек 1977, Санкт-Петербург) – ғалым, география ғылымдарының докторы (1938), КСРО Ғалымдар Академиясының академигі (1968), Ресей ғылымына еңбегі сіңген қайраткер (1961)

Өмірбаяны Ленинград универститетін (қазіргі Санкт-Петербург универститеті) бітірген (1929). 1939 жылы КСРО Ғалымдар Академиясы-ның Қазақстан филиалында Іле Алатауын (Талғар тау түйіні) зерттеу жұмысына кеңесші болды. 1940 – 72 жылы осы университетте физика, география кафедрасының меңгерушісі, декан (1940 – 43, 1949 – 53), проректор, ғылым журналдың редакторы қызметтерін атқарды.

Ғылыми еңбектері “Жалпы жертану негіздері” (1955) “Жалпы жертанудың қысқаша курсы” оқулықтары 21 елдің тіліне (оның ішінде қазақ тіліне) аударылған. Бұл еңбектерінде жалпы жертану пәнінің тұжырымдамасын, сондай-ақ, Жердің географиялық қабығының қалыптасуы мен құрылуын анықтайтын жалпы заңдылықтар көрсетілген. Калесник гляциология ғылымының негізін салды. 1929 – 31 жылы Қазақстанға жасаған экспедициясында Жетісу (Жоңғар) Алатауының мұздықтарын зерттеді.

Марапаттары Ресей ғылымына еңбегі сіңген қайраткер (1961) Ленин (1961, 1971) Қызыл Жұлдыз (1995) ордені. Еңбек Қызыл Ту (1975) ордені. “Құрмет белгісі” (1944, 1951) ордені. Бүкілодақтық география қоғамының Ф.Н. Литке атындағы алтын медалімен (1951) Үлкен алтын медальмен марапатталған.

Қоғамдық қызметі Көптеген шет елдердің географиялық қоғамдарының мүшесі

Есте сақтау Калесник есімі ТМД елдерінің бірнеше географиялық нысандарына берілді: Іле Алатауы тауының шыңына; Солтүстік Кавказ тауының шыңына; Іле Алатауы мұздығына; Жетісу Алатауы мұздығына; Полюстік Орал мұздығына; Солтүстік Кавказ мұздығына; Антарктида мұздығына.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Дереккөздер

Санат:23 қаңтарда туғандар Санат:1901 жылы туғандар Санат:Санкт-Петербургте туғандар Санат:13 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1977 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:География ғылымдарының докторлары Санат:КСРО Ғылым Академиясының академиктері Санат:КСРО географтары Санат:Орыс географиялық қоғамының басшылары Санат:РКФСР-дің еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Литке атындағы алтын медалдің иегерлері