Нұрлан Далбай (11 сәуір 1961, Алматы қаласы) - суретші.

1983 жылы Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін аяқтады; 1989 жылы Е. Репин атындағы академияны аяқтады. 1990 жылы Дрезден қаласындағы (Германия) Жоғарғы өнер мектебінде тәжірибе жинақтаудан өтті. 1993 жылдан Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Шығармашылығы Ғ.Орманов (бюст, 1984) Алматыдағы Тәуелсіздік монументі (1998, басқа авторлармен бірге) Атырау қаласындағы Д.Нүрпейісова (1999) Астана қаласындағы Кенесары хан ескерткіші (2001) Оралдағы Абай (2002) М.Мақатаев (2002) Ә.Қастеев (2004) Сырым Датұлы Астанадағы Талғат Бигелдинов ескерткіші (2021) ... т.б. ескерткіштердің авторы.

Кескіндеме саласында да еңбек етеді. 1987 жылы Алматыда жеке көрмесі ұйымдастырылды. Халықаралық көрмелерге (Германия, 1996; Баку, 1999; Лондон, 2000, т.б.) қатысқан.

Жеке еңбектері Қазақстан, Франция, Түркия, Германия, Швеция және т.б. жеке коллекцияларынан табылады.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:11 сәуірде туғандар Санат:1961 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан суретшілері