Осман империясы () — Еуропа, Азия және Африка құрлықтарында орналасқан ортағасырлық көпұлтты мемлекет.
Мемлекет XV-XVII ғасырларда үш құрлыққа (Еуропа, Азия, Африка) жайылып, оңтүстік-шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың басым бөлігін билеген; батыстағы Марокконың Атлант жағалауынан шығыстағы Парсы шығанағының жағалауына дейін, солтүстіктегі Украинадан оңтүстіктегі Сомалиға дейінгі аймақты қамтып жатқанДүние жүзi тaриxы 8, мектеп бaспaсы. 2008 ж. б.65.
Бұл мемлекет алты ғасыр бойы Батыс пен Шығыстың қарым-қатынас жасасуының бел ортасында болып келді. Құдіретінің шарықтау шыңында Османлы мемлекеті 42 уәлияттан тұрып, оған бағынышты Валахия, Молдова және Трансильвания князьдіктері Османлы мемлекетіне алым-салық төлеп отырды. Бүгін Ыстанбұл () деген атпен белгілі Константиние () қаласын өзінің астанасына айналдырған Османлы мемлекетін көп жағынан бұрынғы жерортатеңіздік өркениеттердің, атап айтқанда Рим империясының және Византия империясының ислами мұрагері деп атауға болады. Османлылар да өздерін Ежелгі Рим мен Ислам мәдениетінің жалғастырушылары деп, яғни «мәдениеттердің бірігуі» арқылы «бүкіл әлемдік мемлекеттің» билеушілері ретінде қарастырдыH. İnalcık: "The rise of the Ottoman Empire" in P.M. Holt, A.K. S. Lambstone, and B. Lewis (eds), The Cambridge History of Islam, (Cambridge University). pages 295-200.
Тарихы left|thumb|Османлы мемлекеті аймағының өзгеруі, 1299-1683
Құрылуы (1299-1402) Османлылар ата-тегі оғыздардың қайы тайпасынан шыққан. Бұл тайпа XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығынан құтылып, Анадолы жеріне көшеді. Тайпаның басшылары осында әскер жинап жатқан хорезмшах Жәлел-Ад-Дин Мәңгібердінің (1199-1231) қызметінде болады. Кейінірек Ертұғрыл бей (1198-1281) бастаған тайпаның бір бөлігі Анадолы Селжұқ Мемлекетіне көшеді. Селжұқтардың сол кездегі сұлтаны I Аладдин Кейқұбат (1192-1237) Ертұғрылға Анадолыдағы Сөгүт қаласын сыйлайды. Ертұғрылдың ұлы I Осман (1258-1324) осы қалада 1299 жылы Османлы бейлігінің негізін қалайды. 1300 жылы ол Шығыс Рим империясының әскерін күйрете жеңді. Оның тұсында Осман бейлігі Никея қаласын және тағы басқа бірқатар аумақты басып алды. Осман Пруса (қазіргі Бурса) қаласын қоршауды бастады. Алайда ол қоршау аяқталмай жатып қайтыс болды. Osman I: Biography of the Founder of the Ottoman Dynasty
Орхан (1288-1362) Анадолының батысын толығымен басып алады. Сондай-ақ, Орхан Галиполи түбегін және Фракияны басып алып, Осман империясының Еуропаға экспансиясына жол ашты. История Византийской империи: XI-XV веков
I Мұрат (1326-1389) өз әкесі мен атасы сияқты Анадолының әжептәуір жерлерін басып алды. Бұл жетістіктерді пайдаланып, ол 1383 жылы өзін «сұлтан» етіп жариялайды. Ол 15 маусым 1389 жылы Косово даласындағы шайқаста серб серісі Милош Обиличтің (сер. Милош Обилић) қолынан қаза табады.
I Баязит (1357-1402) Косово даласындағы шайқаста өз әкесі сербтерден қаза болуына байланысты ол кек алу мақсатымен көптеген сербтерді қырып жойды. Сербиядағы жеңістен кейін ол өз отарлауын Анадолыда жалғастырады: Айдын, Сарухан, Гермиян, Ментеше, Хамит және Қараман бейліктерін басып алады. Осылайша I Баязит османлы иеліктерін тез арада екі есе арттырады (жерлерді тез жаулап, өз шешімдерін тез шешетіндіктен оған «Шапшаң» () деген лақап ат қойылған). Бірақ ол бұл иеліктерді қалай шапшаң басып алса, сонша айырылып қалды. Бұның себебі — I Баязиттің замандасы Әмір Темір болуы және ең бастысы I Баязит көкірекшілдікке беріліп кеткені. I Баязит Әмір Темірге жазған көптеген хаттарында жәбірлейтін сөздер жазып, оны жете бағаламайды. Әмір Темір жауап ретінде османлылардың басып алған бейліктерін жаулап, оларға қайтадан тәуелсіздік береді. Ал Әмір мен Сұлтанның арасындағы шешуші шайқас Анкара (түр. Ankara) жерінде болады. Соғыста Әмір Сұлтанды жеңіп, оны қамауға алады. Сұлтан қамауда 20 шілде 1402 жылы қаза табады.
Сұлтанаралық (1402-1413) I Баязит қайтыс болғаннан кейін Әмір Темір ойрандаған Османлы мемлекетінде ортақ билеуші болмайды. I Баязиттің үш баласы өзін сұлтан деп жариялайды: Иса Бұрсада, Сүлеймен Едирнеде, ал Мехмет Батыс Анадолыда. Бұл жағдай сұлтанаралыққа әкеп соқты. 1405-1406 жылдары Мехмет Исаны жеңіп, Бурсаны басып алады. Кейін 1411 жылы I Баязиттің ортаңғы ұлы Мұса да өз ағасы Сүлейменді жеңіп, Румелияда өзін сұлтан деп жариялайды. Тірі қалған екі ағайындылардың шешуші шайқасы 1413 жылы болды. Сол шайқаста Мехмет жеңеді, ал жеңілген Мұса Валахияға қашып, сонда қайтыс болады.
Өркендеуі (1413-1453) I Мехмет (1387-1421) сұлтанаралықтан жеңімпаз болып шығып, өзін күллі Османлы мемлекетінің сұлтаны деп жариялайды. Ол Анадолыдағы бейліктердің бәрін (Қараманнан басқа) қайта жаулап алады. Сонымен, Османлы мемлекеті қайта өз қалпына келе бастайды. I Мехмет 1421 жылдың 26 мамырында қайтыс болады.
II Мұрат (1404-1451) 1422 жылы Константинопольді қоршайды. Бірақ сол кезде османлыларда флот та, артиллерия да болған жоқ. Бұған қарамастан олар Византияға шабуыл жасап, көп жауынгерлерінен айырылады. Оған қоса Анадолыдағы бейліктер жаңа бүліктер бастайды. Сондықтан II Мұрат Константинополь қоршауын тоқтатады. Бүліктерді басқан соң, ол Балқан түбегіндегі жерлерге бірнеше жорық жасайды. II Мұрадтың күшеюінен қауіптенген Еуропа елдері жаңа крест жорығын бастайды. 1444 жылы кресшілер Варна түбінде жеңіліс табады. Балқандарда Мұрат кейбір жеңістерге қол жеткізеді. Қожа Мұрат Эдирне қаласында 3 ақпан 1451 жылы мерт болады. Оның баласы әйгілі әскербасы әрі саясаткер II Мехмет ізбасары болады.
Дамуы (1453-1579) II Мехмет (1432-1481) 1453 жылы 21 жасында Шығыс Рим империясының елордасы Константинопольді жаулап алып, мемлекетті толығымен жояды. Сұлтан Константинопольмен шектелмей, Еуропаның басқа да жерлерін жаулауға кірісті. Тіпті Италияның Отранто қаласына дейін жетеді. Бірақ оның жасы мен денсаулығы оның көптеген жоспарларына кедергі болды. 1481 жылы Гебза қаласында мерт болды.
I Сәлім (1467-1520) 1517 жылы Мысырдағы мәмлүктердің мемлекетін жояды. Сол жылы сұлтан өзіне «халиф» атағын алады. Енді бұл атақ келесі османлы сұлтандардың да атағы болады. I Сәлім өзінің бар-жоғы 8 жылдық (1512-1520) билік жүргізген заманында Күрдістанды, Шамды, Алжирді, Мысырды, Мекке мен Мединені жаулап алды.
I Сүлеймен (1494-1566) 1521 жылы Белградты басып алды. 1526 жылы Мохач шайқасында 55-60 мыңдық әскерімен чехтер, мажарлар және поляктардың 38-41 мыңдық әскерін екі сағат ішінде толығымен жеңеді. Соғыс барысында Мажарстанның патшасы II Лайош батпаққа батып, мерт болады. Соғыстың нәтижесінде османлылардың еуропадағы беделі артты. I Сүлеймен өзінің 42 жылдық (1520-1566) билік жіргізген заманында Босния және Герцеговинаны, Славонияны, Мажарстанды, Молдованы, Иракты, Бахрейнді, Ливияны, Тунисті жаулап алды. I Сүлейменнің тұсында османлылардың билігі шарықтауының шыңына жетті. 1565 жылы Османлылар сәтсіз аяқталған Мальта қоршауын бастады. Пираты. Полная история морских разбоев - 249-бетӘділ Сүлеймен 7 қыркүйек 1566 жылы Сигетвар қоршауы кезінде қаза табады. Бірнеше аптадан кейін оны Сүлеймение мешітінің жанындағы мазарда жерлейді.
I Сүлеймен қайтыс болғаннан кейін, оның жалғыз тірі қалған ұлы II Сәлім (1524-1574) таққа отырады. Оның тұсында сарайдағы әйелдер османлы саясатына үлкен ықпал тигізді. Сонын ішіндегі ең көрнектісі сұлтанның әйелі Хасеки Нұрбану сұлтан болды. Осылайша «Қатындар сұлтандығы» (1566-1656) атты заман басталды. Осы заман тұсында Осман мемлекеті әлсіреп, дағдарысқа ұшырай бастады. Сары Сәлім 1574 жылдың 21 желтоқсанында Топкапы сарайында қайтыс болды.
Алайда шын мәнісінде II Сәлім тұсында елдегі ең беделді адам — садрағзам Соколлы Мехмет паша (1506-1579) еді. II Сәлімнің билік құруы кезіндегі елдің дамуы осы садрағзамның арқасында болды. Ол II Сәлім өлгеннен кейін тағы 5 жыл садрағзам болды. 1579 жылдың 11 қазанында садрағзамның қайтыс болуы Тоқырау жылдарына бастама болды.
Тоқырауы (1579-1699) Османлы мемлекетінің көптеген көтерілістер мен бүліктерден әлсірегенін көрген Тұрхан Қадиша сұлтан өз баласы сұлтан IV Мехметке Көпрүлі Мехмет пашаны (1575-1661) садрағзам етіп тағайындауға кеңес береді. Көпрүлі Мехмет пашаның саяси жетістіктері осыған себеп болды. Сөйтіп, 1656 жылдың 15 қыркүйек күнінде Көпрүлі Мехмет паша садрағзам етіп тағайындалады. Бұл оқиға «Көпрүлілер заманының» (1656-1710) бастамасы болды. Көпрүлі Мехмет паша өзінің тағайындалуына дейін сұлтанға бірнеше шарт қойды: Садрағзамның шешімі қайта қарастырылмайды; Садрағзам өз еркімен шенеуніктерді тағайындайды, марапаттайды және қызметтен босатады; Садрағзам сұлтанның кеңесінсіз шағымдарға қатысты шешімді өзі қабылдайды; Сарайда ешкім де саясатқа араласпайды.
Көпрүлі Мехмет паша өзінің 5 жылдық (1656-1661) билік жүргізген заманында Крит пен Шанаққала жерлерінде Венецияға қарсы сәтті соғыс жүргізді, Лемнос пен Тенедос аралдарын жаулап алды, Қазызадалы атты дінбұзарлықтың, Трансильванияның, Абаза Хасан пашаның бүлігін басты, өзінің қарамағына саясаткерлер мен әскербасыларды жинап алды, және «лауазымды сатып алу» салтын біржолата жойды.
Көпрүлі Мехмет паша қайтыс болғаннан кейін оның ұрпақтары оның саясатын жалғастырды. Көпрүлілер басқарған заманда Османлы мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатында тұрақтылық болды, және биліктің беделі қайта өрлей бастады.
1683 жылы Осман империясына қарсы "Қасиетті Лига" құрылып, Осман империясымен соғыс (Кейде Ұлы Түрік соғысы деп те аталады) басталды (1683-1699). Соғыс барысында Османлы армиясы Вена (1683), Азов (1696), Зенд (1697) маңында жеңіліске ұшырады. Священная Лига и Османская Империя в Средиземном море
Әлсіреуі (1699-1792) 1699 жылдың 26 қаңтарында Карловиц бітім шарты жасалды. Бұл бітім шарт бойынша Венецияға Морея мен Далмация, Аустрияға Мажарстан мен Трансильвания, ал Польшаға Подолье өтті. Бұл оқиға елдің Әлсіреу дәуірінің бастамасы еді. 1700 жылдың 14 шілдесінде жасалған Константинополь бітім шарты бойынша Ресейге Азов өтті. 1710 жылы Ресей патшасы I Пётр Осман империясына қарсы Прут жорығын бастады. Бірақ Прут жорығы сәтсіз аяқталды. Неизвестная война Петра Великого - 81-бет
1718-1730 жылдар османлы тарихында "Лала дәуірі" деген атаумен әйгілі. Сұлтан III Ахмет пен садрағзам Наушаһарлы Дамат Ибраһим паша басшылығымен елде ғылым, өнер, мәдениет және экономиканы дамыту мақсатымен үлкен іс-шаралар ұйымдастырылды. Ғалым Ибраһим Мутеффериқа алғаш османлы типографиясын ашты. Алайда осындай жаңартуларға қарамастан османлы халқына, әсіресе дінбасылар мен жаңа шеріктерге садрағзам саясаты ұнамады. Патрон Халил төңкерісі нәтижесінде 1730 жылдың 1 қазанында садрағзам Ибраһим паша өлім жазасына кесілді, ал келесі күні сұлтан III Ахмет тақтан тайдырылды.
Ыдырауы (1789-1922) XVIII-XIX ғасырларда Османлы және Ресей империялары арасында бірқатар соғыстар болды. XVIII ғасырдың аяғында Түркия Ресеймен болған соғыстарда бірқатар жеңіліске ұшырады. Ал түріктер одан әрі жеңіліске ұшырамас үшін Османлы әскері жаңғырту өтуі керек деген қорытындыға келді.
1789-1807 жылдары ІІІ Селим әскери реформа жүргізіп, армияны еуропалық сызық бойынша қайта құрудың алғашқы байыпты әрекеттерін жасады. Реформаның арқасында сол кезде онсыз да тиімсіз болған жаңа шеріктердың реакциялық ағымдары әлсіреді. Алайда 1804 және 1807 жылдары олар реформаға қарсы көтерілістерді көтерді. 1807 жылы Селимді қастандық жасаушылар түрмеге қамап, 1808 жылы өлтірді. 1826 жылы II Махмұт жаңа шеріктеры корпусын жойды.
1804-1815 жылдардағы Серб революциясы Балқандағы ұлтшылдық дәуірінің басталуы болды. Шығыс мәселесін Балқан елдері көтерді. 1830 жылы Осман империясы де-юре Сербияның егемендігін мойындады. 1821 жылы гректер Түркияға қарсы көтеріліс жасады. Пелопоннестегі гректердің көтерілісі Молдовадағы көтеріліске ұласты, ол 1829 жылы өзінің де юре тәуелсіздігімен аяқталды. XIX ғасырдың ортасында еуропалықтар Осман империясын «Еуропаның ауру адамы» деп атады. 1860-1870 жылдары Османлы вассалдары: Сербия, Валахия, Молдова және Қаратау кінәздіктері толық тәуелсіздік алды.