Базарбай Сағадиұлы Жұманиязов (1936 жылы 1 қараша БҚО Бөкей ордасы ауданы - 2015 жылы 17 тамыз Алматы) — көрнекті композитор, музыка педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1990). Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері (1983). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері (1970).

Толығырақ Базарбай Сағадиұлы Жұманиязов 1936 жылы 1 қараша БҚО Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. 1965 жылы Қазақ ұлттық консерваториясын Қазақ ССРнің халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Евгений Брусиловскийдің классын бітірген. 1964 – 65 жылдары “Қазақфильм” киностудиясында музыкалық редактор 1965 – 66 жылдары “Мектеп” баспасы музыка редакциясының меңгерушісі болған. 1966 – 98 жылдары Алматы консерваториясында дәріс берді (1997 жылдан профессор). 1973 – 84 жылдары Қазақстан композиторлар одағы төрағасының орынбасары, КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі 1984 – 87 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры 1991 – 98 жылдары Қазақстан композиторлар одағының 1-хатшысы қызметтерін атқарды. 1998 жылдан дербес зейнеткер.

Шығармашылығы “Махамбет” операсы (1990) “Жер” (1967), “Отан туралы кантата” (1972) “Мерекелік шеру” (1980) “Достық” (1980) “Кең-байтақ отаным менің” (1988) кантаталары “Халқым туралы поэма” (1969) “Кек әні” (1978) вокальды-симф. поэмалары “Дала” (1976) симф. картинасы “Қуаныш” (1980) симфониялық күйі, симфониялық оркестрге арналған екі сюитасы (1985, 1987) “Айтыс” (1972) атты вокальды-хореографикалық композициясы “1731 жыл” атты поэма-симфониясы (1987), көптеген ән-романстары қазіргі заманғы отандық кәсіби музыканың дамуына қосылған елеулі үлес болып саналады, сондай-ақ ол бірнеше спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазған. Жұманиязов шығармалары жоғары көркемдігімен, ұлттық үн бояуымен ерекшеленеді.

Марапататры 1970 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты 1983 жылы Қазақ ССРнің еңбегі сіңген өнер қайраткері құрметті атағы 1986 жылы СССРдің "Халықтар Достығы" Ордені 1987 жылдан профессор 1990 жылы Қазақ ССРнің халық артисі құрметті атағы 1999 жылы тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік нагарадасы Парасат ордені мен марапатталды. Орал қаласының құрметті азаматы.Қазақ энциклопедиясы, 4 том;Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:5 наурызда туғандар Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:КСРО сазгерлері Санат:Қазақстан музыка педагогтары Санат:Қазақстан академиялық музыканттары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Қазақфильм тұлғалары Санат:Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Опера сазгерлері