Арна Медиа — ұлттық ақпараттық холдинг.Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.

ҚР Үкіметінің 2008 жылы 3 шілдедегі №668 "Арна Медиа" Ұлттық ақпараттық холдингін, "Парасат" Ұлттық ғылыми технологиялық холдингін, "Зерде" Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін құру туралы қаулысын орындау бойынша құрылды. Құқықтық мәртебесі: ұлттық холдинг. Қызметі: заңды тұлғаларды акциялар пакеттерін (қатысу үлесі) басқару, ҚР ақпараттық кеңістіктің бәсекелік қабілетін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.

"Арна Медиа" Ұлттық ақпараттық холдингінің құрамына кіретін компаниялар: "Қазақстан телекоммуникациялары" АҚ (КАТЕЛКО) "Қазтелерадио" АҚ "Хабар" агенттігі АҚ "Қазақстан" РТРК АҚ "Егемен Қазақстан" респубикалық газеті АҚ "Казахстанская правда" респубикалық газеті АҚ "Қазақ ақпараттық агенттігі" Ұлттық компаниясы АҚ "Жас өркен" ЖШС "Қазақ газеттері" ЖШС "Arna Media Production" ЖШС "Arna Media Services" ЖШС "Arna Media Advertising" ЖШС.

Бірден-бір акционері: Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Холдинг басшылары: Қуандық Бишімбаев (07.2008 — 08.2008) Ерлан Байжанов (08.2008 — 05.2010)

Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы 24.

Үкіметтің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 378 Қаулысымен холдинг таратылып, еншілес ұйымдары Байланыс және ақпарат министрлігіне берілді."Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Дереккөздер

Санат:Журналистика Санат:Бұқаралық ақпарат құралдары Санат:Қазақстанның бұрынғы ұлттық компаниялары