Фридрих Вильгельм Мурнау (, туған кездегі есімі — Фридрих Вильгельм Плумпе, ; 28 желтоқсан, 1888, Билефельд, Германия — 11 наурыз, 1931, Санта-Барбара, Калифорния, АҚШ) — үнсіз кино дәуірінің неміс кинорежиссёрі, киноэкспрессионизмнің ең ірі шеберлерінің бірі. "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель).

Гейдельберг университетін тәмамдаған соң, Берлинде Макс Рейнхардттың басшылығымен жұмыс істеді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери ұшқыш болып, насихат фильмдерін жасаған. Алғашқы көркем фильмін 1919 жылы шығарды, Брэм Стокердің «Дракула» шығармасының ең сәтті экрандалған фильмдерінің бірі «Носферату» (1922), сондай-ақ «Соңғы адам» (1924) фильмі оған халықаралық атақ әкелді.

1927 жылы Голливудқа қоныс аударады, бұнда өз шығармашылығының шыңдалған шыңы болып саналатын «Күннің шығуы» (1927) және «Табу» (1931; Дэвид Флаэртимен бірігіп) фильмін қояды. Мурнау фильмдері кейіпкердің эмоционалды жағдайын көрсету үшін камераны субъективті пайдаланудың арқасында кинематографиялық экспрессия өнерін өзгертті.

Дереккөздер