Детонация — 1) жарғыш заттың химиялық өзгеруінің жедел өтетін процесі, энергияның бөлініп шығып жарғыш зат бойымен дыбыс жылдамдығынан артык шапшаңдықтағы толкын түрінде таралуыыен сипатталады (газ түріндегі жарғыш коспалардың детонация жылдамдығы 1000-3500 м/сек, ал қатты және сұйық жарғыш заттарда 9000 м/секка жетеді). Детонация процесі кезінде жоғары кысымды (тротил үшін 20 ГПа) газдың көп мөлшері пайда болады. Сығылған заттар кеңіген сәтте жарылыс болады. 2) Ұшқын оталдырғыштары бар ішкі жану поршендік козғалтқыштардағы отындық коспаның жарылысқа жақын, тез жану процесі. Жалынның таралуының жоғары жылдамдығымен және соққылы толкындардың пайда болуымен сипатталады. Бензиннің детонацияға беріктігі антидетанатор колданғанда жоғарылайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс