Дембет () – айлауыктар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда шалғынды далаларда, тау баурайы мен тастақты жерлерде өсетін 4 түрі бар. Дембеттің биіктігі 10 – 40 см, сабағы жалаң, жапырағы жүрек пішінді болады. Гүлшоғыры сабақтың ұшында орналасады. Гүлі көк түсті. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жаңғақшасы ақ түсті, сырты тегіс болады. Тарбағатай дембеті (M. tarbagataіca), жағастай дембеті (M. dshagastanіca) және Попов дембеті (M. popovіі) өте сирек кездесетін эндемикті түрлер болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Айлауықтар