Машрапов Бахыт Тоқтамысұлы - 1946 жылы РКФСР-дың Омбы облысында туған.Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х
1968 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін бітірген. 1973 жылы Ив.Федоров атындағы Украин полиграфия институтын бітірген. 1972 жылдан кітап графикасы саласында қызмет істейді. 1973-1989 жылдарда "Жазушы" баспасында, "Дидар" және "Қазақстан" баспаларында көркемдеуші, безендіруші, редакторлық жұмыстар атқарған.
Оның кітап безендіру саласындағы жұмыстары ерекше бағаланып, Лейпциг қаласында өткен халықаралық "Кітап өнері" ІВА-77, ІВА-79 көрмелеріне қатынасты. Еңбектері Мәскеуде өткен бүкілодақтық және Орта Азия мен Қазақстан республика аралық конкурстарда I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болды.
Дереккөздер
Санат:Журналистика Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері