Агенс (лат. agenc - әрекет) - сөйлемдегі қатынасушының типтік семантикалық мінездемесі (рөлі). "Агенс" терминімен іс-әрекетті жасаушы адамды белгілейді. Номинативті тілдерде агенс бастауыш болады, мыс.: "Асан балаларды оқытты", "Асан кесені сындырды" немесе пассивте — агенттік анықтауыш болады, мыс.: "Асанның кінәсінен кесе сынды". Ырықты агенстің қарсы жағы пациенс, ырықсыз қабылдаушы. Жоғардағы мысалда Асан агенс, ал балалар, немесе кесе пациенс. Эргативті тілдерде агенс екі валентті етістіктерде ерекше септік - эргатив арқылы, ал бір валентті етістіктерде - номинатив арқылы анықталады. Активті тілдерде агенс етістіктің арнайы (активті) септелуі арқылы көрініс табады.Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5.
Дереккөздер
Санат: Журналистика Санат:Бұқаралық ақпарат құралдары Санат: Лингвистика