Ерлан Сапарұлы Байжанов (8 қазан, 1962, Алматы) — Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты.
Қысқаша өмірбаяны М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1985 ж.) бітірген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1988 ж.) бітірген. 1989-1990 жж. — С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. 1990-1991 жж. — «Советы Казахстана» газеті редакциясының парламенттік шолушысы, бөлім меңгерушісі. 1991-1996 жж. — кәсіпкерлік саласында жұмыс істеді. 1996 жылдың сәуірінен — СІМ баспасөз қызметінің бірінші хатшысы, СІМ ақпарат және баспасөз бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдың қаңтарынан — ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары. 2004 жылдың наурызынан — Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінде кеңесші-уәкіл, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Шарт ұйымында өкілетті өкіл. 2005 жылдың тамызынан — ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі. 2006 жылдың ақпанынан — ҚР Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі. 2007 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
Марапаттары «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Отбасы жағдайы Үйленген, үш ұлы бар.
Дереккөздер
Санат:8 қазанда туғандар Санат:1962 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері