Козлов Елена Вениаминовна —1963 жылы сәуірдің жиырма тоғызында Алматы қаласында дуниеге келді. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х

1988 жылы Алматы қаласындағы қазақ педагогикалық институтының көркем-сурет факультетін бітірген. 1988 жылы Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған "Дедал" көркем студиясын ашты. 2001 жылы Астана қаласындағы мемлекеттік жоба бойынша "Атамекен" этносаябағын құрастыру ісіне қатысты. 2001 жылдан "Янко А" компаниясының директоры және "Аруна" баспасының бас суретшісі қызметін атқарып келеді.

Елена ханым — кәсіпкой суретші және балалар жазушысы. Ол — "Ормандағы оқиғалар" ертегілер жинағының, "Елен Ив В королевстве Закрытых дверей" ертегі романының және ересектерге арналған бірнеше әңгімелердің авторы. "Ормандагы оқиғалар", "Балапанның дәптері", "Дос іздеген бота", "Бар ма, жоқ па", тағы да баска 20-дан астам кітаптарын көркемдеген суретші.

Дереккөздер

Санат:1963 жылы туғандар Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері