Ахметқали Аманғалиұлы Өтеғалиев (1961 жыл, Астрахан облысы, Харабала ауданы, Сасықкөл ауылында дүниеге келген) - «Астана полиграфия» баспасының директоры.
Өмірбаяны Орта мектепті аяқтағаннан кейін Мәскеу полиграфиялық институтына инженер-механик мамандығы бойынша түсті. Еңбек жолын республикадағы ең ірі баспада (қазіргі «Дәуір» РПБК» ЖШС) басушының оқушысы болып бастады. Еңбекке, үйренуге деген қарапайым адамдық талпыныстар тез өсуіне ықпал етті: учаскелерді, цехтарды басқарды, өндіріс бөлімін, кейін баспаның фирмасын басқарды. «Астана полиграфия» баспахананасына бас инженер болып, кейін басшы болып тағайындалды. БАҚ рыногында жаңа басылымдар көбейді. «Астана полиграфия» 45 газет пен 11 журнал жарыққа шығарады. Газеттердің жалпы тиражы күрт көтеріліп келеді: 1999 жылы 32,5 млн, 2000 жылы 44,3 млн., 2004 жылы 50,5 млн. данаға дейін өсті. Сол уақыттан бері мекеменің қуаты бірнеше есе артты. 1998 жылы баспахана ұжымы ай сайын 5 млн. теңгеге өнім өндіретін болса, қазіргі кезде аз жұмыс күшімен 30 млн.-ға яғни алты есе көп өндіреді. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х
Дереккөздер
Санат:1961 жылы туғандар Санат:Харабала ауданында туғандар Санат:Мәскеу мемлекеттік баспа университеті түлектері Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері