Ишiмова Ханзила – 1954 жылы 10 наурызда Ресейдің Куйбышев облысында туған. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х

1972 жылы Куйбышев қаласындағы №7 полиграфиялық училищені бітірген. 1972-1975 жылдары аудандық баспаханада теру машинасында әріп теруші болып жұмыс істейді. 1976 жылы Куйбышев полиграф техникумын кітап пен журналдарды корректрлеу мамандығы бойынша бітіреді. 1976 жылы 25 наурыздан 1982 жылға дейін Алматы қаласында Қазақстан компартиясы орталық комитетінің баспасында теру машинасында теруші болып жұмыс істейді. 1982-1984 жылдары теру цехының шебері болып қызмет атқарады. 1984 жылы Мәскеу полиграфиялық институтын бітіргеннен кейін офсеттік цехқа шебер болып ауыстырылды. 1986 жылы баспа цехына аға шебер етіп тағайындады. 1990-1993 жылдары өндіріс бөліміне техникалық редактор етіп ауыстырды. 1993-1995 жылдары арнаулы цех бастығы болады. 1995-1998 жылдары өндіріс бастығының орынбасары болды. 1976 жылдан 1998 жылға дейін «Дәуір» баспасында 22 жыл қызмет етті. 1999 жылдан бері ЖШС «Мария» баспаханасыньщ директоры.

Дереккөздер

Санат: Журналистика Санат: Тұлғалар Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері