Тасқорым. Мөлшері 10—100 см арасында болып келетін жұмырланған кесектерден тұратын тау жынысы. Бұл кесектер аралығында ұсақ түйіршікті жыныстар да кезігуі мумкін.Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4 Көне заманда су, сүт сияқты сұйық нәрсені тасқорыммен қайнатады екен. Ол тасты отқа қыздырып алып, сұйық құйылған ыдысқа тастаса, біраздан кейін сұйық бұрқылдап қайнайды. Бұл тәсілді ауылдың қойшылары соңғы кезге дейін қолданып, далада тасқорыммен сүт қайнатып ішкен.Мұқанов С. Халық мұрасы: Тарихи-этнографиялық шолу. / С.Мұқанов - Алматы: «Өлке» баспасы, 2017
Дереккөздер
Санат: География Санат: Геология Санат: Геофизика