Мангал-кавья (mangal-kavya),БЕНГАЛИЯДА Құдайдың немесе Құдай-ананың құрметіне арналған өлең түріндегі шығарма. "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель). Мангал-кавьяның көбінде жергілікті құдайдың бірі бүкіл әлемге танымал болғандығы жөнінде баяндалады. Өлеңдер көбінесе мадақталатын құдайлардың мерекесінде орындалады. Кейбір өлеңдердің танымалдылығы соншалық, олар ауыл тұрғындарының сауық-кешінде орындалатын болған.

Өлеңнің көптеген нұсқалары бар, өйткені әрбір әнші өз қалауына қарай мазмұнын өзгертуі мүмкін. Өлеңдердің көбі қарапайым шумақ нысанында жызылған; онда ағаш, дала, өзен тәрізді әдеттегі жер бейнелері қолданылады. Дереккөздер

Санат:Наным-сенімдер