Боровской — ауыл, Қостанай облысы Меңдіқара ауданы және Боровской ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы Қостанай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 90 км жерде, Қостанай–Петропавл автомобиль жолының бойында, қарағайлы орманның батыс жағында орналасқан.

Тарихы Іргесін 1881 жылы қоныс аударған Игнатий Семенов Қарағайлы ауылының орнында құрған. Бастапқыда бейресми түрде Семеновка деп аталды. 1887 жылы ауыл ресми мәртебеге ие болды және Боровое деп аталды. Кейін (1940 жылға қарай) атауы Боровское болып өзгерді. 1964 жылы 16 қарашада қала типті кент болып, осыған сәйкес атаудың транскрипциясы Боровской болып өзгертілді. 2005 жылы қайтадан ауылға айналды.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 10025 адам (4740 ер адам және 5285 әйел адам) болса, 2009 жылы 9781 адамды (4719 ер адам және 5062 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Кәсіпорындар мен инфрақұрылымы Боровскойда май зауыты, диірмен, тігін фабрикасы, кірпіш зауыты, темір-бетон, ағаш бұйымдарын жасайтын, қиыршықтас, әктас өндіретін цехтар, машина-трактор жөндеу шеберханасы, аудандық баспахана, педагогикалық және кәсіптік-техникалық училищелер бар. Боровскойдың іргесіндегі қарағайлы орман ішінде демалыс үйі, туберкулез ауруын емдейтін санаторий, тарихи-өлкетану музейі орналасқан.Қазақ энциклопедиясы, II-том

Дереккөздер

Санат:Меңдіқара ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері