Харгейса қаласы (Сомали) – Сомалидің ірі қалаларының бірі. https://web.archive.org/web/20170616232230/http://hargeisamunicipality.org/ Тарихы Тәуелсіздігі мойындалмаған Сомалиленд мемлекетінің астанасы. Халық саны 800 000 адам. 1941-1960 жылдар аралығында Британдық Сомалидің әкімшілік орталығы болған. Ал 1960 жылы Британдық Сомали мен Сомали Республикасы бірікті. Қалада 1958 жылы салынған «Игал» халықаралық әуежай бар. Қаланың саванналар қоршап тұр. Ол жерлерден арыстан, қабылан және сомалилік жабайы есектерді кездестіруге болады.

1960 жылы Сомали тәуелсіздік алғаннан кейін Харгейса Сомали республикасының құрамына енген.

1991 жылы Сомали азамат соғысы кезінде Харгейса толықтай жойылған.

Сомалиленд өзін-өзі жариялағаннан кейін Харгейса оның астанасы болып белгіленген.

1990-жылдардың аяғы және 2000-жылдарда Харгейса қайта құрылған. Жаңа ғимараттар мен инфрақұрылым құрылған.

Қазіргі уақытта Харгейса Сомалиленд үшін маңызды саяси және экономикалық орталық болып саналады. Бауырлас қалалар Омдурман (Судан) Дереккөздер

Сілтемелер Hargeisa City Government web Site

Санат:Сомали қалалары