Мальдивтер (; дивехи сөзін мальдив тілінен аударғанда "аралдықтар" деген мағынаны білдіреді) — Мальдив аралдарындағы Мальдив Республикасының байырғы және негізгі халқы. Олар сондай-ақ Үндістанда және Шри-Ланкада тұрады. Жалпы саны саны — 300 мыңнан астам адам. (2009).
Этногенезі Мальдивтердің этногенезі әртүрлі этностардың ғасырлар бойғы араласуы нәтижесінде пайда болды: біздің дәуіріміздің 1-мыңжылдығында Мальдив аралдарында тұратын сингалдар, үндістер, малайзиялықтар, XII ғасырдан бастап аралдарға енген арабтар, XVI—XVIII ғасырларда Малайлар, Индонезия және басқа да шағын топтар қоныс аударып араласқан. XIV ғасырда сұлтанат қалыптасты.
Тілі Мальдивтердің тілі - мальдив тілі, үнді-еуропалық тілдер семьясының, үнді-арий тармағына жатады. Сингал және басқа үнді-арий тілдеріне жақын. Мальдивтердің шамамен 10% -ы ағылшын, кейбіреулері хинди, урду және араб тілдерінде сөйлейді.
Діні Мальдив аралдарының халқы ерекше қасиеттерге ие мұсылмандар, мұнда дінге үлкен мән беріледі.
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері - балық аулау, теңіз кәсіпшілігі, ауыл шаруашылығы аз дамыған (құмай, кокос, тары, жүгері, ямс). Дәстүрлі қолөнері - копра талшығын өңдеу, балық аулау торларын тоқу. нобай|оңға|300px|Мальдив жасөспірімдері Өмір салты Мальдивтердің отбасылық дәстүрлері әйелдің бүкіл қоғам өміріндегі рөлінің маңыздылығын атап өтеді. Мұнда, көрші аралдардағыдай, әйелдердің мінез-құлқына немесе киіміне байланысты тыйым салу жалғасуда. Мальдивтер бала кезінен үлкенді құрметтеуге, туған халқы адамның басты байлығы екенін сезінуге баулиды. Жас отбасылар шаңырақ көтергеннен кейін де ата-анасымен бірге тұрып, оларға қолдау көрсетіп, көмектеседі.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Мальдивтер ауылдарда тұрады (әдетте бір ауыл бір аралда орналасқан), олар 19 ауданды құрайтын 19 атоллға кіреді. Дәстүрлі үйлері іргетасы маржаннан жасалған.
Дәстүрлі тағамдары Мальдивтердің ұлттық тағамдары негізінен балық болып табылады. Гатудхия байи - күріш қосылған балық сорпасы (балық кесектерге кесіліп, қабығы аршылып, пияз, лимон, тұз және дәмдеуіштерді қосып суға қайнатады; бөлек пісірілген күрішпен жейді), вихаакур - балық соусы (тығыздыққа дейін қайнатылған балық пияз, дәмдеуіштер, күріш және кокос сүтімен араласады), олар кептірілген және тұздалған балықты жейді, қара шай мен кофені сүтсіз ішеді.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Мальдивтер