Вигго Питер Мортенсен кіші (; , Нью-Йорк) — америка актері.
«Сақиналар әміршісі» кинотрилогиясындағы Арагорн рөлімен кеңінен танымал. Испан тілін жетік меңгерген Виггога испан тілінде түсірілетін фильмдерге түсу ұсыныстары жиі түседі.
Актерлік мансабын 1980 жылдары Бродвейде бастаған. Кинодағы дебюті 26 жасында болған. 1990 жылдарда фильмдерде болмашы рөлдерді сомдап жүрген. «Портрет леди» (1996), «Солдат Джейн» (1997) фильмдеріне түседі. «Сақиналар әміршісі» фильмінен кейін бірқатар фильмдерге түскен. Кино жұмысынан бөлек ол «Perceval Press» баспасының негізін қалаған және сурет салумен айналысады.
Фильмография 1985 - «Куәгер» 1994 - «Экипаж» 2001 - «Сақиналар әміршісі: Сақина бауырластығы» 2002 - «Сақиналар әміршісі: Екі қамал» 2003 - «Сақиналар әміршісі: Патшаның оралуы» 2004 - «Идальго» 2011 - «Қауіпті әдіс» 2018 - «Жасыл кітап» 2020 - «Құлау» 2020 - «Ғарыш:Мүмкін Әлемдер» 2022 - «Болашақ қылмыстар» 2022 - «Отыз өмір» 2023 - «Өлген адам ауырмайды»
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер