«Amanat Media Group» ЖШС (2025 жылға дейін — «Nur Media» ЖШС) — Қазақстандағы ең ірі медиакомпаниялардың бірі. 2008 жылы 25 қарашада «Нұр Отан» партиясының бастамасымен құрылған. Қазіргі кезде холдинг құрамына «Астана» телеарнасы, «Айқын», «Литер», «Түркістан» газеттері, «Азаттық рухы» ақпарат агенттігі, «NS» және «Orda FM» радиостанциялары кіреді.Руслан Алишев возглавил холдинг Nur Media
Тарихы «Нұр-Медиа» холдингі құрылатыны 2008 жылдың қараша айында белгілі болды.Учредителем нового медиа-холдинга будут ФНБ "Самрук-Казына" и НДП "Нур Отан" Холдинг «Дала мен қала», «Страна и мир» партиялық газеттері кіретін «Беркут-Медиа» компаниясының негізінде құрылған.
2009 жылы қаңтарда «Нұр-Медиа» холдингі журналист Ерлан Бекхожиннен «Айқын», «Литер» және «Қазақстан теміржолшысы» газеттерін сыйға алды.В холдинг “Нур-медиа” переданы газеты “Литер” и “Айкын” Бұдан бөлек холдинг «ҚазМұнайГаз» компаниясынан құрамына «Астана» телеарнасы мен «NS», «РДВ» радиостанциялары, «Нұр-Астана», «Түркістан», «Известия-Казахстан» газеттері кіретін «Рауан Медиа Групп» компаниясын сенімгерлік басқаруға алды.Аудиторский отчет за 2011 год (консолидированный)
2013 жылы маусымда «Известия-Казахстан» газеті, қыркүйекте «Нұр-Астана» газеті жабылды.Газета "Известия - Казахстан" закрылась
2013 жылы желтоқсанда «Дала мен қала» және «Страна и мир» партиялық газеттері жабылды.«Нур медиа» закрывает партийные газеты «Дала мен кала» и «Страна и мир»
2014 жылы желтоқсанда «Нұр-Медиа» холдингі «Рауан Медиа Групп» компаниясын «ҚазМұнайГаздан» сатып алды. Нәтижесінде холдинг «Астана» телеарнасы, «NS» және «Orda FM» радиостанциялары, «Түркістан» газетінің толыққанды иесі болды.opi.dfo.kz
2018 жылы «Айқын», «Литер» газеттерінің редакциясы Алматыдан Астанаға көшті.Издания "Айқын" и "Литер" переехали в столицу
2019 жылы қыркүйекте «Nur Otan» партиясын қайта жаңғырту аясында «Azattyq Ruhy» ақпарат агенттігі ашылды.Azattyq Ruhy Ақпараттық агенттігі ашылып, оған Серғали Балажан барады
2020 жылдың соңында «Қазақстан теміржолшысы» газеті Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлері салалық кәсіподағының (Қазкөліккәсіп) қарамағына берілді.Газета «Қазақстан теміржолшысы» переходит в другую структуру
Құрылымы + Еншілес компаниялар Компания Компания директоры Құрылтайшысы Ақпарат құралдары «Айқын-Литер» ЖШС Талғат Қырықбаев «Amanat Media Group» ЖШС «Астана қ. теледидары» ЖШС Айқын газеті мен Aikyn.kz сайты Түркістан газеті мен Turkystan.kz сайты
Литер газеті мен Liter.kz сайты «Астана қ. теледидары» ЖШС Әзизхан Әбілдинов «Amanat Media Group» ЖШС «Айқын-Литер» ЖШС Астана телеарнасы мен Astanatv.kz сайты
Orda FM радиосы мен Orda.fm сайты «NS Радиосы - Ұлттық Желі» ТРК» ЖШС Ербол Бегімбетов «Астана қ. теледидары» ЖШС «Amanat Media Group» ЖШС NS радиосы мен Ns.kz сайты
«Азаттық рухы» ақпарат агенттігі 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Бас редакторы — Алтынай Досмадиярова. «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті қазақ тілінде 2004 жылдың 6 наурызынан бастап шығады. Аптасына үш рет 40 мың тиражбен басылады. Бас редакторы — Амангелді Құрмет. «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газеті орыс тілінде 2004 жылдың 3 наурызынан бастап шығады. Аптасына үш рет 30 мың тиражбен басылады. Бас редакторы — Жанна Ойшыбаева. «Түркістан» халықаралық газеті қазақ тілінде 1994 жылдың 28 қаңтарынан бастап шығады. Аптасына бір рет 5 мың тиражбен басылады. Бас редакторы — Бауыржан Бабажанұлы. «Aikyn.kz» сайты 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Бас редакторы — Майра Жанысбай. «Liter.kz» сайты 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Бас редакторы — Малика Галиева. «Turkystan.kz» сайты 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Бас редакторы — Әлия Тілеужанқызы. «Orda FM» радиосы 2000 жылдан бері жұмыс істейді. 2013 жылға дейін «Ас FM», «РДВ», «Деловая волна» деп аталды. Директоры — Әйгерім Есенәлі.
Бұрынғы медиа активтері «Дала мен қала» газеті (2003—2013) «Страна и мир» газеті (2003—2013) «Известия-Казахстан» газеті (2000—2013) «Нұр-Астана» газеті (2004—2013) «Aynaline.kz» жастар порталы (2013—2015) «Munara.kz» ақпараттық порталы (2013—2016) «Remarka.kz» ақпараттық порталы (2013—2015) «Қазақстан теміржолшысы» газеті (1931—)
Бас директорлары + № Аты-жөні Басқарған жылдар Беркут-Медиа 1 Әділ Ыбыраев 2007 қараша2008 2 Асқар Омаров қараша2008 желтоқсан2008 Нұр-Медиа, Nur Media, Amanat Media Group 1 Арманжан Байтасов желтоқсан2008 желтоқсан2009 2 Қайсар Жаңаханов желтоқсан2009 желтоқсан2011 3 Ерлан Байжанов желтоқсан2011 қаңтар2014 4 Болат Берсебаев қаңтар2014 қыркүйек2014 5 Жанай Омаров қыркүйек2014 шілде2018 6 Ләззат Танысбай шілде2018 сәуір2019 7 Әлия Буриева сәуір2019 шілде2019 8 Болат Кальянбеков шілде2019 қаңтар2022 9 Руслан Әлішев ақпан2022 сәуір2022 10 Бақтияр Мәкен сәуір2022 желтоқсан2024Бахтияр Макен возглавил холдинг Nur Media 11 Бақытжан Тұрлыбеков желтоқсан2024 мамыр 2026 м.а. Шалқар Қожаев мамыр 2026 бастап
Дереккөздер
Санат:Басылымдар