Аляска () — Солтүстік Американың солтүстік-батысындағы түбек, Бристол шығанағы, Беринг теңізі және Тынық мұхит суларымен шайылады. Түбектің территориясы АҚШ-тың Аляска штатының оңтүстік-батыс бөлігі болып табылады. Ұзындығы шамамен 700 км, ал ені 10км-ден 170 км-ге дейін. Негізгі ландшафтысын Алеут жотасы құрайды, оның биік шыңдарына мыналар жатады: сөнбеген (Катмай, 2047 м) немесе сөнген жанартаулар. Ең үлкен биіктігі 2507 м (Вениаминов жанартауы). Мұнда таулы тундралар, шағын мұздықтар кездеседі. Солтүстік-батыс жағалауының бойы — көптеген көлдері бар, субарктикалық шалғындармен қапталған ойпат.
Экономикасы Аляска штаты, әсіресе Аляска түбегі, АҚШ-тың балық шаруашылығы саласында маңызды рөл атқарады. 2019 жылғы деректер бойынша, АҚШ-тағы теңіз өнімдерін түсіру орындарының ішінде Аляска түбегі түсірілген өнім көлемі бойынша жетінші орынды алады. Түбектегі экономиканың тағы бір маңызды саласы — тері саудасы.
Дереккөздер
Санат:Аляска (түбек)