Кейт Элизабет Уинслет , 5 қазан 1975 жыл, Рединг, Ұлыбритания) – британдық актриса.Redroofs.co.uk; IMDb.com

Өмірбаяны «BAFTA» (1996, 2009), «Оскар» (2009) және екі «Алтын глобус» сыйлықтарының иегері. «Разум и чувства» (1995), «Титаник» (1997), «Айрис» (2001), «Вечное сияние чистого разума» (2004) фильмдеріндегі рөлімен көпшілікке кеңінен танымал. Экранға алғаш рет он екі жасында, жарнама ролигінде шыққан. Театр сахнасында да тәжірибесі бар. Кинодағы дебюті 1994 жылы «Небесные создания» триллерімен басталады. 1997 жылы «Титаник» фильмінен кейін атақты жұлдыздардың біріне айналады.

Фильмдері

«Первый рыцарь при дворе короля Артура» (1995), «Титаник» (1997), «Айрис» (2001), «Заражение» (2011), т.б.

Дереккөздер

Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Үздік актриса үшін Оскар сыйлығының иегерлері