Туве Янссон (швед. Tove Jansson), (9 тамыз 1914 жыл – 27 маусым 2001 жыл) – атақты фин жазушысы, суретші. Мумилер туралы кітабымен дүние жүзіне танылған. Швед тілінде жазған. Муми-тролльдар туралы 8 повесть, әңгімелер жинағын, 4 суретті кітап шығарған. 2004 жылы Lumifilm фин кинокомпаниясы Туве Янссон туралы «Tove and Tooti in Europe» атты деректі фильм түсірген.
Шығармалары «Мүсіншінің қызы» (1968) – автобиографиялық повесть «Жазғы кітап» (1972) – повесть «Тыңдауға қабілетті» (1971) – әңгімелер жинағы «Күн қаласы» (1974) – роман «Ойыншық үй» (1978) – әңгімелер жинағы «Адал ойын» (1989) – әңгімелер жинағы «Клараның хаты» (1991) – әңгімелер жинағы «Аралдан келген хаттар» (1996) – повесть «Жолдау» (1998) – әңгімелер жинағы «Сұр жібек»(1971–1991) – әңгімелер жинағы.Schoolfield, George C. A history of Finland's literature, p. 571. University of Nebraska Press, 1998. ISBN 978-0-8032-4189-3
Д нобай|Jansson (1923)
ереккөздер
Санат:Финляндия жазушылары Санат:Финляндия балалар жазушылары