Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің Қырғыз (Қазақ) АСРО-ын құру жөніндегі 1920 жылғы 20 тамызындағы Декреті бойынша қазақ ұлттык мемлекеті жарияланумен бірге оның әкімшілік - территориялық бөлінуі облыстар мен уездерінің құрамы белгіленген болатын. Республика құрамындағы Семей облысына: Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездері қараса, ал Ақмола облысына Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері мен Омбы уезінің жартысы қарады.
Семей губерниясы Семей губерниясы ҚазОАҚ-нің 1920 жылғы 11 желтоқсандағы бірінші сессиясының қаулысымен құрылған болатын. Оның құрамына Зайсан (23 болыстық), Қарқаралы (24 болыстық), Семей (49 болыстың), Өскемен (39 болыстық) уездері енген болатын.
Ақмола губерниясы Ақмола губерниясының 1920 жылы құрылған Асан-Қайғы, Астахов, Үлкен-Михайлов, Вишнев, Жезді, Дон, Долинск, Қарағанды, Киев, Константинов, Красная поляна, Пролетар, Нецветаев, Ново-Черкас, Покорная, Промышленная, Пролетар, Ростов, Санников, Сарысу, Сарыарқа, Спаск, Троицкая, Трудовая, Ұлытау, Өспен, Чернигов, Шерубай-Нұра болыстықтары кірді.
1921 жылы 25 сәуірде ҚазОАҚ-нің Төтенше өкілетті комиссиясының шешімімен орталығы Петропавл болып Ақмола губерниясы құрылды. Оның құрамы бұрынғы Ақмола облысының Атбасар (51 болыстық), Ақмола (75 болыстық), Көкшетау(63 болыстық), Петропавл (44 болыстық) уездерінен құралды.
1923 жылдың қаңтарында Амантау-Нұра болыстығына Алексеев, Конкратов, Николаев, Ново-Рыбинск, Приозерная, Урюпин-Саннников болыстығына, Байдаулет Құмкөл, Шарыкты, Шерубай-Нұра-Қарағанды болыстығына, Киев-Захаров пен Чернигов болыстығына, Богулин -Қарағанды мен Нұра болыстығына қосылды.
1925 жылдың 1 казанында жерге орналастыру жөніндегі губерниялық бөлімінін ақпараты бойынша Ақмола губерниясының жер көлемі 46 565 117 десятин жер, губерния 4 уезден, 59 болыстықтан құралды. Болыстықтар одан әрі ауылсовет және село кеңестерден тұрды.
1925 жылы 12 қазанда Захаров пен Чернигов болыстықтары бірікті.
Қарағанды облысы 1927 жылдың аяғьгада Қазақстанда жаңа әкімшілік-территориялық күрылынды жасау басталды. Жаңа әкімшілік-территориялық құрылымға сәйкес бұрынғы губерния, уезд, болыстықтардың орнына үш буынды жүйе енгізілді: округ, аудан-қала.
1928 жылғы 3 қыркүйекте БОАК-нің қаулысымен Ақмола және Семей губерниялары жойылды, Ақмола губерниясының уездерімен болыстықтарынан Ақмола, Павлодар, Қызылжар және Сырдария округтерінің аудандары кұрылды.Джаналиева К.М., Будникова Т.Н. и др. Физическая география Республики Казахстан. - Алматы: «Қазақ ун-тi», 1998.
Осылардың ішінде Қарағанды облысының кұрамына енгендері:
Ақмола округы: Асан-Қайғы, Қарағанды, Коммунист, Қорғалжын, Нұра, Пролетар, Промышленный.
Нұра ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Ақмола округының құрамында Нұра және Сарыарка болыстықтарының негізінде құрылды. Орталығы Қарауыл тебе елді мекені болды. 1928 жылдың 17 желтоқсанында өз алдына жеке аудан болып бекіді, орталығы Нұра ауылы болды. Нұра ауданының құрамына Жаңарқа ауданының Көнек және Қарағаш болыстықтарының жері, Захаровка және Горный селолық кеңестері Промышленный ауданынан, Ефремовск, Черниговск, Богучар, Батурин, Скобелевск селолық советтері кірді.
1928 жылы Ақтоғай ауданы алғаш құрылғанда Балкаш - Тоқырауын деп аталды. 1929 жылы Тоқырауьш ауданы деп кайта құрылды. Бұрынғы 3 болыстын негізінде 12 мойынсерік пен қосшы ұйымдары құрылады. Қонырат ауданының Дуаншиден Шатырша тауының беткейіядегі ақ қайыңды Тоқырауын өзенінің жағасына орналасады. Бұл өзеннің жағасы табиғаттың әсем ақ тоғайына мол болғандықтан, сондықтан кейін Ақтоғай деп аталады.
1928 жылдың 16 тамызында Сәкен Сейфуллиннің ұсынысымен Асан-Қайғы аты өзгертіліп, Жаңарқа ауданы деп аталды. Аудан тоғыз ауылдан тұрған еді.
Олар: Бірінші ауыл - Өспен, Еркіндік, Еңбек, Қаражартас, колхоздары.
Екінші ауыл - Өркендеу, Өндіріс, Қызылшоқы колхоздары.
Үшінші ауыл - Жеткіншек, Жаңаталап, Күзембаев атындағы колхоздар.
Төртінші ауыл - Атасу, Ақтүбек колхоздары. Алтыншы ауыл -Қосшоқы, Ынталы, Қарағаш колхоздары. Сегізінші ауыл - Жиделі, К. Маркс атындағы колхоздар. Тоғызыншы ауыл - Қаражар, Түгіскен, Коммунар колхоздары. 1930 жылдың 17 желтоқсанында Жаңарқа жеке аудан болып бекітілді.
1930 жылы округтер жойылып іріленген аудандар құрылуына байланысты мынандай өзгерістер болды: Азат, Сталин және Еркіншілдік аудандарына қосылды. Атбасар ауданының бір бөлігі - Есіл және Нұра аудандарына, Пролетар Есіл ауданына, Промышленный - Қарағанды мен Нұра аудандарына, Революционный - Ақмола, Нұра, Еркіншілдік аудандарына Қарады, Социалистік - Атбасар аудандарына, Беріқара ауданы, Қу ауданының бір бөлігі мен Қарқаралы қаласы біріктірілді, Тоқырауын ауданы Қоңырат ауданы болып, ал Қарағанды ауданы Тельман ауданы болып өзгертілді.
1930 жылы 17 желтоқсан БОАҚ-нің қаулысына сәйкес 1930 шілдеден Қарқаралы округі жойылды. Жойылудың нәтижесінде Берікарадан және Қу аудандарынан аймактық бөлуде, яғни бұрынғы Қарқаралы аймағына караған 1 қыркүйектен жекелеген Қарқаралы ауданы болып құрылды.
Алғашқы бесжылдык лсылдары Қазақстандағы өнеркәсіп және теміржол кұрылыстарының өркен жаюы, жаңа совхоз, колхоздардың бой көтеруі, жаңа өндіріс және ауылшаруашылык орталықтарының пайда болуына себепші болды.
1931-1933 жылдары аудан құрамында біршама өзгерістер болды. 1931 жылы 11-12, 15-16 ауылдык кеңестер бірікті. 1932 жылы 17-18 ауылдық кеңестер бірігіп, 1933 жылы қала маңындағы ауылдык кеңестер, яғни Ерназар және Жанбота ауылдық кеңестер кұрылды, ал 21 ауыл кеңесі Хорошевский ауыл кеңесіне қосылды.
Осыған байланысты 1932 жылы ҚазОАҚ-нің екінші сессиясында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Актөбе облыстарын кұру туралы шешім қабылдады.
Осы қаулы бойынша Қарқаралы ауданы Шығыс Қазақстан облысының кұрамына енді.
Қарағанды облысы БОАҚ-тің қаулысымен 1932 жылдың 20 наурызында құрылды. Орталығы болып Петропавл қаласы белгіленді. Облыстың кұрамына 23 аудан енді: Айыртау, Ақмола, Арықбалық, Атбасар, Бейнеқор, Булаев, Есіл, Жаңарқа, Қызылту, Көкшетау, Қорғалжын, Ленин, Мамлют, Нұра, Преснов, Рузаев, Сарысу, Сталин, Телъман, Төңкерей, Щучинск, Еңбекшілдер және Еркіншілдік аудандары.
1932 жылы Нұра ауданы Қарағанды облысының құрамына кірді. Аудан орталығы Казгородок ауылы болды. Осы жылдың 1 сәуірінде Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасының Орталық Комитетінін қаулысына сәйкес Нұра ауданының құрамы 16 ауылкеңеспен бекітілді: Балыкты, Богучар, Бұрма, Жұмыскер, Захар, Қара ой, Киевск, Қызыл-ағаш. Қорғалжын, Қызыл-декхан, Көкмөлдір, Савелевск, Скоблевск, Сұлтан, Плаховск, Черниговск.
Сол жылы ауыл кеңестердің саны жағынан өзгермегенмен, құрамы жағынан өзгерістерге ұшырады. Нұра ауданының аудандық атқару комитетінін 1932 жылғы құжаттарында Захар, Ивановск, Кисвск, Маржанкөл, Ново-Карповск, Скоболевск, Черниговск, және № 1-8 ауылсоветтерінің құрамы берілген .
1933 жылы аштық зардабынан облыс көлемінде біршама өзгерістер болды. Соның бір мысалы Қарқаралы ауданының тұрғындарының саны біршама азайды, соған байланысты жаңа аудандастыру жобасы бекітілді. Әр ауылдық кеңестерге нөмірленген өз аттары берілді, олар Бидайык, Көктөбе, Сартов, Бадыран, Ораз, Кент, Милыбұлақ, Кеңестас, Калинин, Бесоба, Қызыларай деп аталды. Хорошевскийден 2 ауыл совет құрылды (Хорошевский жөне Темірші).
1934 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық Комитетінің қаулысына сәйкес Жаңарка ауданы Қарқаралы округынын кұрамына енді. 1935-1936 жылдар аудан құрамында Атасу, Бірлік, Ескене, Жарық, Қарауыл төбе, Қызылшоқы, Қарағаш, Түгіскен, Сталин атындағы, барлығы 9 ауылдық кеңестер болды.
1934 жылы Қоңырат ауданы Қарқаралы округінің құрамына енді, ал 1936 жылы 29 шілдеде ол округтің жойылуына байланысты аудан қайтадан Қарағанды облысының құрамына берілді. Бұрын таратылған 24 серіктестік таратылып қайта ұйымдастырылып, колхоздар құрылды.
1932-1934 жылдары Богучар, Балықты, Бұрма, Савелевск, Сұлтан, Жұмыскер, Қара ой, Қызылдекхан, Плаховск, Сұлтан селолық советтерінің орнына, кұжаттар бойынша Ақтөбе, Жараспай, Жыланды, Қызыл-тал, Майор, Талдысай, Шакаман советтері тіркелген. 1934 жылы Қызылағаш селолық советі Еркіншілдік ауданының кұрамына өткен.
Қарағанды облыстык атқару комитетінің президумыньщ шешімімең 1934 жылдың 14 қазан айында Маржанкөл селолық кеңесі кұрылды, ал 1934 жылдың қараша айында Жараспай селолық кеңесі құрылды .
Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық Комитетінің қаулысына сәйкес Нұра ауданының орталығы Казгородоктан Киевкаға ауысады.
1934 жылы 20 шілдеде Қазақстан Орталык Комитетінің бастамасымен және талап етуімен ұйымдастырыльш Қарқаралы аймағына аударылды.
1934 жылы 19 шілдеде ҚазССР ОАК-нің қаулысымен Қарқаралы ауданына Баянауылдан 3 ауыл берілді: Жаңақала, Корнеев, Үлгі. Осы жылы Қарқаралы ауданында 19 ауылдық және селолық кеңестер олар: Бесоба, Бадыра, Милыбұлак, Тельман, Көктебе, Комсомол, Еңбек, Темірші, Жарлы, Серік, Ораз, Қызыларай, Кент, Күлболды, Сарт, Бидайык, Қаршығапы. Осы жылы Жаңаарка ауданының құрамында Атасу, Бірлік, Ескене, Жарык, Қарауыл төбе, Сталин атындағы 9 ауылдық кеңес болды.
1936 жылдың 1 тамызында БОАК-нің қаулысымен "ҚазАССР-нің жаңа облыстар құрылуымен" Қарқаралы аймақтығы жойылып, аудан көлемі ретінде Қарағанды облысына қосылды.
1937 жылы Қоңырат ауданы әкімшілік және территориялық жағынан Алматы облысынан ауыстырылып, жаңадан құрылған Қарағанды облысының құрамына берілді. Аудан орталығындағы жаңа үйлер, төбесі шатырланған, жаңа кәсіпорындар жұмыс істей бастады. Сол уақыттағы деректерге қарағанда аудан орталығында 230-ға тарта үй болған екен, халқынын саны алты жарым мыңдай болған.
1938 жылы БОАҚ-ның Президумының қаулысымен Ворошиловский және Дмитриевский селолық советтері жаңадан кұрылған Ворошилов ауданына берілді.Досмагамбетов С.К. Центральный Казахстан: природа и природные ресурсы, события и люди, реформы и развитие. - Алматы, 2003.
1939 жылы 24 желтоқсанында жаңа Конституция негізінде Қарқаралы ауданында еңбекші депутаттар Советінің алғашқы сайлауы өткізілді.
Жаңарқа ауданы Жаңарқа ауданының әкімшілігі 1939 жылы аудандық атқару комитетінің президумының қаулысына сай өзгертілді.
1- Сталин атындағы ауыл советіне Еңбек, Қаражартас, Қоғамшыл, Еркіндік колхоздары.
2. Жеткіншек ауылдық советі - Жеткіншек, Ұйымшыл, Сарыөзек, Еңбекшіл колхоздары енді.
3. Жаңарка поселкелік советі аудан орталығы болып бекітілді. 1938-1939 жылдары Талдысай селолық советі жойылды. 1940 жылдың аяғында Осакаров ауданының құрылуына байланысты Скоболевск селолық советі осы ауданның кұрамына берілді.
ҚазССР Жоғарғы Советі Президумының қаулысы бойынша 28 желтоқсан 1940 жылы Октябрь колхозы да Осакаров ауданының құрамына берілді.
Қарағанды облаткомының 8 маусымдағы қарары бойынша жаңа аудан құру керек деп шешілді. Ол бұрынғы Тельман, Ворошилов жене Қарағанды ауданының колхоздарының негізінде кұрылуы тиіс болды. Осы шешім бойынша Тельман ауданының территориясындағы жаңа аудан орталығы Осакаров поселкасы, Калинин ауданы болып құрылды.
1. Бұл ауданнын әкімшілік қарамағына Тельман ауданынан 30 колхоз; Нұра ауданынан Ударный, Трудовой, Литвинский және Тельман совхозы берілді.
2. Жаңа құрылатын Калинин ауданынын, "Красное озеро", "Шортанды" жерінің шалғай болуына байланысты Ақмола облысының Вишнев ауданына берілуі ҚазССР Халкомынан сұралсын.
Осы жылдың 28 желтоқсанында ҚазССР Жоғарғы Советі Президумының қаулысымен Осакаров ауданы құрылды. Жаңа құрылған Осакаров ауданына Тельман ауданынан 30 колхоз Интернационал, Пионер, Коллективный, Новый путь, Ударный, Верхне-Ишимский, Южный, Осакаров, Токсымақ, Заишим, Центральный, Ново-Бытный, Октябрь, Красноармейск Трудовой, 1 мая, 2-я пятилетка, К.Либкнехт ат., Красный пахарь, Батпақ, Комсомольск, Энгельс ат, Большевик, Найдорф, Арбайт, Молотов ат, Шортанды, Родники, Красное озеро және Нұра ауданынан Ударный, Трудовой, Литвинск МТС, Ақмола облысының Вишнев ауданынан 1 август, 8 март колхоздары берілсін деп бекітілді.
1941 жылы Қызыларай ауылдық кеңесі Қоңырат ауданына берілді.